Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы пәндері бойынша оқушыларға арналған республикалық қашықтық олимпиада

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы пәндері бойынша РҒПО «Дарын» Кубогына республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізеді.
Олимпиада www.cdo.kz сайтында өтеді.
Қашықтық пәндік олимпиадалар 2 кезеңмен өткізілетін болады:
1 кезең: 2018 жылғы 10 қыркүйек – 4 қазан аралығында.
1 кезең қорытындысы: 2018 жылғы 9 қазан (екінші кезеңге өткен оқушылар анықталады)
2 кезең: 2018 жылғы 11 қазан (өткен қатысушылар үшін қатысу тегін)

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Олимпиадада 4 пәннен «Күз-Қыс» мезгілі қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған оқушылар бағалы сыйлықтармен (ноутбуктер, фотоаппараттар, флешкалар және т.б.) марапатталады.
Олимпиада жайлы толық мағмұматты 8 (7182) 20-87-85, 8 (777) 403-93-51 телефондары арқылы білуіңізге болады.