Орыс тілі және орыс әдебиеті пәндері бойынша оқушыларға арналған республикалық қашықтық олимпиада

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында орыс тілі және орыс әдебиеті пәндері бойынша РҒПО «Дарын» Кубогына республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізеді.
Олимпиада www.cdo.kz сайтында өтеді.
Қашықтық пәндік олимпиадалар 2 кезеңмен өткізілетін болады:
1 кезең: 2018 жылғы 19 қараша – 19 желтоқсан аралығында.
1 кезең қорытындысы: 2018 жылғы 22 желтоқсан (екінші кезеңге өткен оқушылар анықталады)
2 кезең:
Орыс әдебиеті: 2018 жылғы 24 желтоқсан
Орыс тілі: 2018 жылғы 25 желтоқсан (өткен қатысушылар үшін қатысу тегін)

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Олимпиадада 4 пәннен «Күз-Қыс» мезгілі қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған оқушылар бағалы сыйлықтармен (ноутбуктер, фотоаппараттар, флешкалар және т.б.) марапатталады.
Олимпиада жайлы толық мағмұматты 8 (7182) 20-87-85, 8 (777) 403-93-51 телефондары арқылы білуіңізге болады.