3-11 сынып оқушыларына арналған British Bulldog ойын конкурсы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 12 желтоқсанда жалпы білім беру ұйымдарының 3-11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен British Bulldog халықаралық ойын конкурсы өткізіледі.

Конкурстың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын дамыту, тіл білімі саласындағы дарынды балаларды анықтау, шет тілдерінде сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмысты дамыту, ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру.

Конкурсқа қатысу ақылы, ерікті түрде жүргізіледі.

Қосымша ақпарат 8 (7242) 26 30 71, 8 (7172) 29 50 76 телефондары арқылы алуға болады.

Translate/Перевести/Аудару