2-11 сынып оқушыларына арналған “Русский медвежонок – языкознание для всех” халықаралық конкурсы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 15 қарашада жалпы білім беру ұйымдарының 2-11 сынып оқушылары арасында “Русский медвежонок – языкознание для всех” халықаралық конкурсы өткізіледі.

2-3 сыныптар үшін – 28 сұрақ, 4-5, 6-7, 8-9 және 10-11 сыныптар үшін – 30 сұрақтан қарастырылған. Тапсырмаларды орындау уақыты – 1 сағат 15 минут.

Конкурсқа қатысу ақылы, ерікті түрде жүргізіледі.

Қосымша ақпарат 8 (7242) 26 30 71, 8 (7172) 29 50 76 телефондары арқылы алуға болады.