МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯДАН ҚАШЫҚТЫҚ ОЛИМПИАДА

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы 21 ақпан күні білім беру ұйымдарының психологтары арасында психологиядан республикалық қашықтық олимпиадасын өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты – шығармашыл психологтарды анықтау және қолдау, кәсіби іс-әрекеттеріне ынталандыру.
Олимпиадаға қатысу үшін 2018 жылдың 20 ақпанға дейін www.daryn.kz сайтына тіркелу арқылы, қатысушы логині мен құпия сөзін алып, сұраныс береді. Олимпиада Ережесі және толық ақпарат сайтта орналасқан.

Қатысушылар олимпиада тапсырмаларын www.daryn.kz сайтында онлайн режимінде орындайды.
Олимпиада тапсырмалары 21 ақпан күні сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін Астана уақытымен қолжетімді болады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Қатысушыларды тіркеу және Олимпиаданы өткізу туралы қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:
8 (7172) 29 52 66, 29 52 67