МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ПЕДАГОГИКАДАН ҚАШЫҚТЫҚ ОЛИМПИАДА

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы “Қазақстандық Интернет Олимпиадалар” ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты педагогтарды анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында 2018 жылғы 27-29 наурыз аралығында РҒПО “Дарын” Кубогына педагогика бойынша республикалық қашықтық олимпиада өткізеді.
Олимпиада www.cdo.kz сайтында өтеді.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері “Дарын” РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Олимпиаданы өткізу уақыты және қатысу шарттары туралы ақпарат www.daryn.kz және www.cdo.kz сайттарында жарияланады.

Олимпиада жайлы толық мағлұматты: 8 (7182) 20-87-85, 8 (777) 403-93-51 телефондары арқылы және www.cdo.kz сайтында хабарлама жазу арқылы білуіңізге болады.