ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ БОЙЫНША ҚАШЫҚТЫҚ ОЛИМПИАДА

“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы “Қазақстандық Интернет Олимпиадалар” ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында Қазақстан тарихы пәні бойынша РҒПО “Дарын” Кубогына республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізеді.
Олимпиада www.cdo.kz сайтында өтеді.

Қашықтық пәндік олимпиадалар 2 кезеңмен өткізілетін болады:
1 кезең: 2018 жылғы 2 сәуір мен 2 мамыр аралығында
1 кезең қорытындысы: 2018 жылғы 11 мамыр (екінші кезеңге өткен қатысушылар анықталады)
2 кезең: 2018 жылғы 16 мамыр (өткен қатысушылар үшін тегін).

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері “Дарын” РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Олимпиадада 4 пәннен “Қыс-Көктем” мезгілі қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған оқушылар бағалы сыйлықтармен (ноутбуктер, фотоаппараттар, флешкалар және т.б.) марапатталады.
Олимпиаданы өткізу уақыты және тіркелу, қатысу шарттары туралы ақпарат www.daryn.kz және www.cdo.kzсайттарында жарияланады.
Олимпиада жайлы толық мағлұматты: 8 (7182) 20-87-85, 8 (777) 403-93-51 телефондары арқылы және www.cdo.kz сайтында хабарлама жазу арқылы білуіңізге болады.