МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН “ПЕДСТАРТ” ҚАШЫҚТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес “ПедСтарт” қашықтық олимпиадасын өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты – педагогикалық қызметкерлердің ақпараттық мәдениетін, олардың кәсіби деңгейін және педагогикалық дағдыларын қалыптастырып, компьютерлік ақпараттық технологиялар қажеттілігін арттыру.
Олимпиадаға барлық білім беру ұйымдарының физика пәні мұғалімдері қатыса алады.
Олимпиада қашықтықтан онлайн режимінде www.daryn.kz сайтында 2018 жылғы 18 сәуірде өткізіледі. Олимпиада тапсырмалары көрсетілген күні сағат 16.00-ден 17.45-ке дейін (Астана уақытымен) қолжетімді. Кезеңнің өту уақыты – 105 минут.

Олимпиаданың Ережесімен www.daryn.kz сайтынан танысуға болады. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаз бен жүлдегерлерге “Дарын” РҒПО-ның І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдары тапсырылады.
Қатысушыларды тіркеу және Олимпиаданы өткізу туралы қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7172) 29 49 98, 8 701 335 84 13, 8 771 100 89 33