МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯДАН ҚАШЫҚТЫҚ ОЛИМПИАДА

“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы “Қазақстандық Интернет Олимпиадалар” ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты педагогтарды анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында 2018 жылғы 17-19 сәуір аралығында РҒПО “Дарын” Кубогына Қазақстан тарихы және психология бойынша республикалық қашықтық олимпиада өткізеді.

Олимпиада www.cdo.kz сайтында өтеді.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері “Дарын” РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Олимпиаданы өткізу уақыты және қатысу шарттары туралы ақпарат www.daryn.kz және www.cdo.kz сайттарында жарияланады.
Олимпиада жайлы толық мағлұматты: 8 (7182) 20-87-85, 8 (777) 403-93-51 телефондары арқылы және www.cdo.kz сайтында хабарлама жазу арқылы білуіңізге болады.

Translate/Перевести/Аудару