«Қызылорда облысында туризмді дамыту» тақырыбында облыстық ғылыми жоба конкурсы туралы ақпараттық хат

2018 жылғы 9 қараша күні Қызылорда қаласы, №101 мектеп-лицей базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасында «Қызылорда облысында туризмді дамыту» тақырыбында облыстық ғылыми жоба конкурсы өткізіледі. 

Мақсаты мен міндеттері:
– Оқушылардың Қызылорда облысындағы ішкі туризмді дамыту және елді-мекендердегі туристік орындарды және стратегиялық бағыттарды анықтау саласы бойынша қызығушылығын арттыру;
– Дарынды оқушыларды анықтау, әрі қолдау;
– Оқушылардың ғылыми ізденіске түсуіне жол ашу.

Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы және Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы облыстық «Жастар ресурстық орталығы».

Конкурсқа қатысушы әр үміткер 1 ғана жоба ұсына алады. Конкурсқа (құрамы 2 адамнан аспайтын) бірлескен авторлар да қатыса алады.
Конкурстың барлық деңгейлерінде ғылыми жалғандық және бұрмалауға, басқа да байқау конкурстарында бұрын соңды ұсынылып, жеңімпаз атанған жұмыстарды пайдалануға жол берілмейді.
Конкурсқа қатысушы үміткерлер өз жұмыстарын қорғау мақсатында баяндама жасайды. Баяндама уақыты – 7-10 минут. Баяндама барысында электронды материалдарды, көрнекі құралдарды қолдануға болады.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар

Жұмыс мәтіні компьютерде басылып, мынадай құрылымнан тұруы тиіс:
– титул парағы;
– мазмұны;
– абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тілдерінде (зерттеу жұмысының қай тілде дайындалғанына байланысты) жазылады;
– кіріспе;
– зерттеу бөлімі;
– қорытынды;
– пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Титул парағында мыналар көрсетіледі:
– жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;
– автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;
– жұмыстың атауы;
– жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;
– ауданы, қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы.

Абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:
– зерттеудің мақсаты;
– гипотезасы;
– кезеңдері, зерттеудің реті;
– тәжірибенің әдістемесі;
– зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;
– жұмыстың нәтижесі және қорытындысы;
– нәтижелерді практикада қолдану салалары;

Кіріспеде (2 беттен артық емес) мыналар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (міндеті); қойылған міндеттерді шешу әдісі.

Жұмыстың зерттеу бөлімі жеке тараулардан (параграфтардан) тұрады және мыналарды қамтиды:
– Осы жұмысты жүргізудің қажеттілігіне көз жеткізуге және оның мақсатын (міндетін) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
– қойылған міндеттерді шешу әдістерін сипаттау;
– жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
– суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер, суреттер).
Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемені тікбұрышты жақшада беру керек.  Мәтінде кездесетін сілтемелердің шығуына қарай нөмірлеу реті болуы керек.
Қорытынды (бір беттен артық емес) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.

 Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынадай тәртіпте беріледі:
– автордың тегі және қысқартылған аты- жөні;
– мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшін);
– журналдың, кітаптың аты;
– басып шығарылған орны және баспасы (кітаптар үшін);
– басылған жылы, шығу нөмірі, беті.

Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстары көрсетілген жетекшінің пікірі қоса берілуі керек.
Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызметінің дағдыларына ие болып, өз қолынан келетін жұмысты орындауы керек. 

Конкурс жеңімпаздары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады:

  • Бас жүлде – 1;
  • І орын – 1;
  • ІІ орын – 1;
  • ІІІ орын – 2.

Облыстық конкурсқа  ұсыныс төмендегі кесте бойынша syrdaryny@mail.ru электронды поштасына қабылданады:

  • Оқушының аты- жөні
  • Аудан, қала
  • Мектебі
  • Сыныбы
  • Оқыту тілі
  • Жобаның тақырыбы
  • Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны