7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағытындағы облыстық пәндік олимпиада

2018 жылғы 13 сәуір күні Қызылорда қаласындағы №278 орта мектеп базасында жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағытындағы облыстық пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:
1. Оқушылардың шығармашылық оқу әрекетіне деген құлшынысы мен қызығушылықтарын арттыру;
2. Дарынды оқушыларды анықтау, олардың одан әрі интеллектуалдық дамуы мен кәсіптік бағыт алуы үшін қолайлы жағдай жасау;
3. Оқушылар бойында шығармашылық ойлау қабілеттерін анықтау;
4. Оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, олардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын дамыту.

Облыстық олимпиадаға математика, биология, информатика, география пәндерінен жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиадаға қатысу туралы ұсыныстар 2018 жылғы 9 сәуірге дейін ұйым (білім бөлімдері/облыстық мекемелер) басшысының қолымен расталған түрде syrdaryny@mail.ru электрондық поштасына қабылданды.

Олимпиадаға барлығы 80 оқушы қатысып, төмендегі оқушылар әділ-қазылар алқасы шешімімен білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

І дәрежелі диплом иегерлері:
– Атымтай Нұрсұлтан – №9 БИЛ, 8 сынып (математика);
– Шоқашев Диас – Арал ауданы, №13 мектеп, 7 сынып (математика);
– Бақытбек Мағжан – Қазалы ауданы, №249 мектеп, 8 сынып (география);
– Яхия Аяулым – №10 БИЛ, 7 сынып (география);
– Зайнуллина Диана – Қызылорда қаласы, Мұрагер мектебі, 8 сынып (биология);
– Қайырбек Шаһида – №4 ОДМИ, 7 сынып (биология);
– Сейдәзім Бекнұр – №9 БИЛ, 7 сынып (информатика).

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Ұзақберген Ақбота – Қазалы ауданы, №226 мектеп, 7 сынып (математика);
– Шахафиддин Нұрдәулет – №9 БИЛ, 7 сынып (математика);
– Расимов Каплан – Қармақшы ауданы, №108 мектеп, 8 сынып (география);
– Съезд Балнура – Жалағаш ауданы, №123 мектеп, 8 сынып (география);
– Назаров Рамазан – №9 БИЛ, 8 сынып (география);
– Тоқтаров Азат – Қармақшы ауданы, №80 мектеп, 7 сынып (география);
– Мырзалиева Аяжан – Арал ауданы, №269 мектеп, 8 сынып (биология);
– Шерниязов Мұхаммедали – №9 БИЛ, 8 сынып (биология);
– Оразова Жібек – Арал ауданы, №19 мектеп, 7 сынып (биология);
– Жұмабайқызы Бахалина – №10 БИЛ, 7 сынып (информатика);
– Ескендирова Анель – Қызылорда қаласы, №9 мектеп, 8 сынып (информатика);
– Серік Бекзат – №9 БИЛ, 8 сынып (информатика).

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Нұрлан Камила – Жалағаш ауданы, №123 мектеп, 8 сынып (математика);
– Нұрсұлтанқызы Нұрай – Сырдария ауданы, №131 мектеп, 8 сынып (математика);
– Лаврухина Яна – Қызылорда қаласы, №198 мектеп, 8 сынып (математика);
– Кеңес Азамат – №4 ОДМИ, 8 сынып (математика);
– Сайымбекова Еркеназ – Қармақшы ауданы, №185 мектеп, 7 сынып (математика);
– Тыныштықбай Нұрай – Жалағаш ауданы, №123 мектеп, 7 сынып (математика);
– Бергенбекұлы Нұрдәулет – №4 ОДМИ, 7 сынып (математика);
– Иниятова Қымбат – Арал ауданы, №14 мектеп, 8 сынып (география);
– Есенгельдина Қарақат – Сырдария ауданы, №35 мектеп, 8 сынып (география);
– Кошкарбай Аружан – Қызылорда қаласы, №144 мектеп, 7 сынып (география);
– Сапарбеков Ерасыл – №9БИЛ, 7 сынып (география);
– Сайран Ақниет – Арал ауданы, №14 мектеп, 8 сынып (биология);
– Нұрдәулет Гүлжанат – Қазалы ауданы, №16 мектеп, 8 сынып (биология);
– Ақатай Ақжүніс – Қазалы ауданы, №249 мектеп, 8 сынып (биология);
– Серікова Мерей – Қармақшы ауданы, №199 мектеп, 8 сынып (биология);
– Тәліпова Ақбота – Сырдария ауданы, №35 мектеп, 8 сынып (биология);
– Әбдімәліков Әбутәліп – Шиелі ауданы, №155 мектеп, 7 сынып (биология);
– Хван Дмитрий – №9 БИЛ, 7 сынып (биология);
– Сұлтанбеков Алтынбек – Қармақшы ауданы, №199 мектеп, 7 сынып (информатика);
– Жарқынбек Іңкәр – Жаңақорған ауданы, №3 мектеп-интернат, 7 сынып (информатика);
– Сайфуллаев Ербол – Сырдария ауданы, №129 мектеп, 8 сынып (информатика).