«Мен қазақ қыздарына қайран қалам» облыстық театрланған қойылым конкурсы

2018 жылғы 12 наурыз күні Қызылорда қалалық қосымша білім беру орталығы базасында 5-9 сынып оқушылары арасында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» облыстық театрланған қойылым конкурсы өткізілді.

Қойылымның мақсаты мен міндеттері:
– Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласын насихаттау;
– Оқушылардың бойына ұлттық рухани байлықты сіңіру, көнерген салтымызды қайта жаңғырту, үлкендерді құрметтеуге, кішіге ізетті болуға баулу; аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу; қазақ елін, оның салт-дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Қойылым төмендегідей 2 кезең бойынша жүргізілді:
1) Сәлемдесу кезеңі (топтың атауы, ұраны, төс белгісі);
2) Үй тапсырмасы (қазақтың көне дәстүрін қайта жаңғырту мақсатында ұмыт болып кеткен немесе қазіргі күні бұрмаланып қолданылып жүрген салт-дәстүріміздің түпнұсқасын көрініс арқылы ұсыну);

Қойылымға қатысу туралы ұсыныстар 2018 жылғы 2 наурызға дейін ұйым (білім бөлімдері/облыстық мекемелер) басшысының қолымен расталған түрде syrdaryny@mail.ru электрондық поштасына қабылданды.

Конкурстың облыстық кезеңіне 9 командадан құралған 62 оқушы қатысып, 4 команда білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына ие болды.

І дәрежелі диплом иегері:
– «Қырмызы гүлдер» тобы – Қазалы ауданы, №266 мектеп командасы

ІІ дәрежелі диплом иегері:
– «Дарын» тобы – №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты командасы

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– «Айтұмар» тобы – Жалағаш ауданы, №123 мектеп командасы
– «Шашбаулым» тобы – Шиелі ауданы, №47 мектеп командасы

Translate/Перевести/Аудару