«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының қорытындысы туралы

2018 жылдың 1-2 қараша аралығында Павлодар қаласында өткен «Алтын Қазына» көркем және сәндік–қолданбалы балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауына Қызылорда облысының командасы қатысып, нәтижесінде номинациялар бойынша оза шығып, топ жарған жүлдегерлер анықталды.
Көрме-байқаудың мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.

Гран-при, І дәрежелі диплом иегері:
Лебедев Родион – Қызылорда қаласы, №198 мектеп, 11 сынып

ІІ дәрежелі диплом иегері:
Ақберген Аяулым – Жалағаш аудандық оқушылар үйі, 9 сынып

ІІІ дәрежелі диплом иегері: 
Нұрмағанбет Бекзат – Қазалы ауданы, №249 мектеп, 6 сынып
Бегжанұлы Саят – Шиелі ауданы, №244 мектеп, 6 сынып
Қарасаева Диана – Қармақшы ауданы, №275 мектеп, 9 сынып

Қатысушыларымыздың ата-аналарына, ұстаздарына, мектеп ұжымына, білім бөлімдеріне зор алғысымызды білдіреміз!