«Менің кіші Отаным» жас тарихшылар республикалық интеллектуалдық конкурсының қорытындысы туралы

2018 жылдың 1-3 қараша аралығында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында өткен «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар республикалық интеллектуалдық конкурсына Қызылорда облысының командасы қатысып, нәтижесінде номинациялар бойынша оза шығып, топ жарған жүлдегерлеріміз анықталды.

Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.

І дәрежелі диплом иегері:
Аралбай Ұлдана – Жаңақорған ауданы, №229 мектептің 9 сынып оқушысы

ІІІ дәрежелі диплом иегері:
Жиылыс Баян – Қазалы ауданы, №165 орта мектептің 9 сынып оқушысы

Қатысушыларымыздың ата-аналарына, ұстаздарына, мектеп ұжымына, білім бөлімдеріне зор алғысымызды білдіреміз!
Жеңіс құтты болсын! ???