«Этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбындағы облыстық ғылыми жобалар конкурсы

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 18 қыркүйек күні Қызылорда қаласы, Абылайхан атындағы №140 орта мектеп базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасында «Этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбындағы облыстық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді.

Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері: Оқушылардың ғылыми-сарапшылық әлеуетін арттыру арқылы этносаяси және әлеуметтік жағдайды жетілдіру. Сонымен қатар, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, дарынды оқушыны анықтау, әрі қолдау болып табылады. Оқушылардың ғылыми ізденіске түсуіне жол ашу, оқушылардың этносаралық және конфессиялық қатынастарды зерттеу саласына жұмылдыру.

Жылма жыл жалғасын тауып келе жатқан «Этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбындағы облыстық ғылыми жобалар конкурсына 26 оқушы қатысып, 12 оқушы Қызылорда облысының білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

I дәрежелі диплом иегерлері:
– Тілеуберген Санжар – Шиелі ауданы, №47 мектеп-лицей, 10 сынып;
– Тамаша Дильназ – Шиелі ауданы, №47 мектеп-лицей, 10 сынып.

II дәрежелі диплом иегерлері:
– Сүлейменқызы Аида – Қазалы ауданы, №102 мектеп, 9 сынып;
– Қыдыралиева Нұрайым – Қызылорда, №12 мектеп, 10 сынып;
– Қанатбек Дана – Қызылорда, №10 БИЛ, 10 сынып;
– Өскенова Айсана – Қызылорда, №10 БИЛ, 10 сынып.

III дәрежелі диплом иегерлері:
– Әмірхан Манас – Қызылорда, №15 мектеп-лицей, 8 сынып;
– Жүнісов Бауыржан – Қармақшы ауданы, №26 мектеп, 9 сынып;
– Оңғарбаев Нұрсерік – Сырдария ауданы, №129 мектеп, 9 сынып;
– Мыңбай Аружан – Жалағаш ауданы, №246 мектеп, 10 сынып;
– Шайық Жанель – Қызылорда, №10 БИЛ, 10 сынып;
– Қадыр Дильназ – Қызылорда, №10 БИЛ, 10 сынып.