“Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам” инновациялық иедялардың республикалық байқауының қорытындысы туралы

2018 жылдың 2-3 қараша күндері Өскемен қаласында өткен «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауына Қызылорда облысының командасы қатысқан болатын.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: білім алушыларға білім мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзіреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру. Білім алушылардың шығармашылығын, танымдылығын, интеллектуалды бастамаларын белсендіру, ғылыми-зерттеу істеріне қызығушылығын дамыту, техникалық шығармашылық және өнертапқыштық облысында оқитын дарынды оқушылардың таланттыларын анықтау, инновациялық өнертабыстар мен ғылыми-зерттеу облысында шығармашылық жұмыстарды командамен орындаудың жаңа тәсілдері құзіреттілігін қалыптастыру.

Байқау нәтижесі бойынша Қызылорда қаласындағы №1 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Раушанбек Бейбарыс жүлделі І орынға ие болды.