Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогына оқушылар арасындағы халықаралық шахмат турнирінің қорытындысы туралы ақпарат

2018 жылғы 28 қазан – 4 қараша аралығында «Приозерный» демалыс орталығында (Ақмола облысы, Щучье қаласы, курорт Боровое станциясы) Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогына оқушылар арасындағы халықаралық шахмат турнирі өтті.

Турнирдің өткізілу мақсаты – жоғары интеллектуалдық шахмат ойыны саласында дарынды оқушылардың деңгейін айқындау және қолдау, турнирдің жеңімпазын анықтап, қорытынды кезеңде Сыр үмітін ақтайтын жас шахматшыларды іріктеу.
Турнирдің міндеттері: жас шахматшылардың спорттық шеберлігін арттыру; облыс оқушылары арасында шахмат ойынын кеңінен тарату; қала мен аудандардан келген жас шахматшылар арасында достық және спорттық байланыстарды нығайту болып табылады.

Турнир қорытындысы бойынша жеке есепте Қызылорда қаласы, №136 мектеп-лицейінің оқушысы Әбдуали Самал жүлделі ІІ орынға ие болды.