“Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері” тақырыбындағы республикалық оқу-әдістемелік семинар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 7-9 қаңтар аралығында Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты – мұғалімнің тәжірибесін, білімін жетілдіру,  педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру.

Семинар аясында 8 қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «ПедСтарт» математикалық олимпиадасын (бұдар әрі – Олимпиада)  өткізу жоспарланып отыр.

Олимпиаданың мақсаты – бастауыш мектеп мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау қабілетін жақсарту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру.

Аталған іс-шаралар Ақмола облысы білім басқармасының «Астана қаласы, № 2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» ККМ базасында өтеді.

Іс-шараға келу күні – 6 қаңтар, басталуы – 7 қаңтар сағ. 10.00-де, аяқталуы – 9 қаңтар (18.00-ден кейін).

Іс сапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы, жолы, тамағы, тұруы) жіберуші жақтың есебінен. Семинарға қатысушы әр педагог көрсетілген сілтеме бойынша жеке он-лайн тіркеуден өтуі тиіс http://tiny.cc/Qysqyseminar

Семинарға қатысу туралы ұсынысты а.ж. 14 желтоқсанына дейін syrdaryny@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет.