СЫРДАРИЯ: Әдістемелік семинар өткізілді

Сырдария аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 20 желтоқсан күні №42.Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп – лицейінде «Өзін – өзі тану пәнін басқа пәндермен ықпалдастыра оқытудың мүмкіндіктері» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға 17 мектептен өзін – өзі тану пәні мұғалімдері, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ғалия Бақтиярова қатысты. 4 мұғалім сабақтар көрсетіп, көрме, тренинг, іс – шаралар ұйымдастырды. Сонымен қатар №37 мектеп – лицейінен Мухамеджанова Гүлзира, №36 мектеп – лицейінен Садақбаев Тимур сабақтар көрсетті. Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылған деген баға беріліп, аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.