“Ғылым әлемін ашамыз” ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарысы

2018 жылдың 4-8 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында В.Н. Челомей атындағы Халықаралық ғарыш мектебінде өткен “Ғылым әлемін ашамыз” ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарысына Қызылорда облысы бойынша 10 оқушы қатысты.

Жарыстың мақсаты – ғарыштық технологиялар, астрофизика және модельдеу, Космос және Жер туралы ғылым саласындағы қолданбалы зерттеулерге оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін ынталандыру болып табылады.

Жарыстың ашылу салтанатында бірқатар өнер иелерімен қоса, “Бала дауысы” Халықаралық ән байқауының гран при иегері Қармақшы ауданы, №275 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Шамбилова Назерке де ән шырқады.
Халықаралық жарыстың құрметті қонағы ретінде Ғарыш және Жер туралы ғылым саласындағы танымал отандық ғалымдар шақырылып, оқушыларымыздың жобаларын сарапқа салды.
Жарысты өткізу барысында ғарыштық технология саласындағы қатысушылардың ғылыми жобаларды қорғауы және оқушылар әзірлеген экспонаттар көрмесі ұйымдастырылған.
Сонымен қатар жарыстың бағдарламасына сәйкес жарысқа қатысушылар Байқоңыр ғарыш алаңы мұражайына, «Боран» орбиталдық кемесіне, академик С.П.Королевтың мемориалдық, тұңғыш Жер планетасының ғарышкері Ю.А.Гагариннің мемориалдық үйлеріне және Байқоңыр қаласының мемориалдық және тарихи жерлеріне, қалалық ғарышкерлер мұражайына, «СОЮЗ» ғарыш тасығыш-зымыран; континентаралық балистикалық әскери зымыран; «Аполлон-Союз» кеңес-американ ғарышқа ұшуына қойылған «Ғарыш-Ғылымға»; қаза тапқан зымыран-сынаушылар; академиктер Королев, Янгель, Челомей, Глушко, Бармин, Рязанский, Кузнецов монументтеріне саяхат жасады.
Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысынан қатысқан Жұмабек Арафат (№12 орта мектеп), Өмірбек Айдархан (№4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты), Амирова Амина (“Мұрагер” мектебі) жүлделі ІІІ орын иегері атанды.
Жетекші: Рамазанова Назерке

Қатысушыларымыздың ата-аналарына, ұстаздарына, мектеп ұжымына, сондай-ақ білім бөлімдеріне ризашылығымызды білдіреміз!

Translate/Перевести/Аудару