Ізгіліктің ең үлкені адамдарға жақсылық жасау болса…

Әбенова Тәжігүл Жақсылыққызы,
Қармақшы аудандық әдістемелік кабинет әдіскері

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттандыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын.
Бүгінгі білім берудегі тәжірибе оқушылардың әртүрлілігін көрсетіп отыр. Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі – дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру.
«Дарындылық» — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеуі арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы – дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көз жеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларына жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау – мұғалімге артылатын жүк.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу – мұғалім міндеті, бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың болашағының іргетасы дұрыс қалануына мүмкіндік жасауымыз қажет. Дарындылық көзін ашудың бір бағыты – ол ғылыми жобалар зерттеуі, пәндік олимпиадалар, әр түрлі дейгейдегі интеллектуалдық жарыстар.
Биылғы оқу жылында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын дамыту бағытында Қармақшы ауданы бойынша 32 білім ұйымы, атап айтқанда 28 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 негізгі мектеп, 3 мектептен тыс және 36 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс жасайды.
Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Тұрмаханұлы Омаров дарындыны даралауда, олардың алар асуларына тынымсыз еңбегімен шәкірт жүректеріне жылулық ұялата білді.
Аудан бойынша білім берудің жалпыға міндетті оқу стандартына сәйкес 13972 оқушы білім алуда. Барлық мектептер оқушылар сұранысына жауап бере алатын материалдық-техникалық базамен жабдықталған, ұстаздардың сандық-сапалық құрамы
талап-деңгейінде. Олардың ішінде 1738 жоғары білімді, 169 арнаулы орта, барлығы 1907 педагог қызметкерлер оқушыларға сапалы білім беруде жемісті еңбек етіп келеді.
Ауданда 3 мектеп-лицей мен 1 мектеп-гимназия жұмыс жасайды. Елбасының «100 Нақты Қадам» Ұлт Жоспарын (79-қадам) жүзеге асыру аясында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшуді ұйымдастырудың өңірлік іс-шаралар бойынша №80 мектеп-гимназия, №105 және №250, №277 мектеп-лицейлерде бейіндік пәндерді тереңдетіп оқыту үшін факультативтер мен оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстар, шығармашылық және зерттеушілік әрекетінің негіздері бойынша жоғарғы оқу орындарының біліктілігі жоғары мамандарымен келісімшарт негізінде саясаттану, физика-математика, филология және педагогика ғылымдарының 9 кандидаты, 3 жаратылыстану, 2 педагогика ғылымдарының магистрлері жұмыс жасайды.
Дарынды баланы тәрбиелеу, зерттеу оны алдағы мақсаттарына жеткізуде аудан мұғалімдері ҰБТ-де жоғары жетістікке жету жолында аянбай еңбек етті. Осы орайда ауданда ғана емес, облыс көлемінде №250 мектеп-лицейдің бітірушісі Отарбай Дәурен ең жоғарғы 136 балл жинады. 38 бітіруші «Алтын белгіге», 18 бітіруші «Үздік аттестатқа» ие болды. 2016-2017 оқу жылында 11 сынып бітіруші түлектер жылма-жыл өткізілетін ЖОО-ның ректор гранттары үшін арналған байқау сынақтарына, олимпиадаларға қатысып, жақсы көрсеткіштер беруде. Атап айтсақ, «Ы.Алтынсарин-2016» республикалық пәндік олимпиадада 5 (№250-4, №26-1) бітіруші жеңімпаз атанып, Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық университетінің грант иегері, 2 оқушы (№250-2) Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректор грантын жеңіп алды. Жалпы аудан бойынша 273 оқушы грант иегері атанды. Биылғы жылы да «Ы.Алтынсарин-2017» олимпиадасында 4 оқушы (№250-3, №108-1) Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің және Қ.Бітібаева атындағы облыстық олимпиадада 3 оқушы (№80-ІІІ орын, №99-І орын, №274-ІІ орын) алып, республикалық қорытынды кезеңінде №99 орта мектептің 11 сынып оқушысы А.Жұмабекова ІІІ орынмен ректор грантын жеңіп алды.
Былтырғы 2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне ауданнан 13 мектептен 23 оқушы қатысты. Нәтижесінде 9 оқушы жүлделі орын иеленсе, республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 4 мектептен 5 оқушы жолдама алып, нәтижесінде: №277 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Құндызбаева Карина қазақ тілінде оқытылатын мектептегі орыс тілі пәнінен І орын, №26 орта мектептің 10 сынып оқушысы Қарабарақов Әскербек Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын алса, 2017-2018 оқу жылында облыстық олимпиадаға 15 мектептен 27 оқушы қатысып, 12 оқушы жүлделі орынды иеленді. «Қармақшы» тобы облыс бойынша ІІ орынды жеңіп алды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 5 мектептен 7 оқушы жолдама алып, 3 оқушы ІІ және ІІІ орындарды иеленіп, 4 оқушы грамотамен оралды.
Ауданымызда ауданның құрметті ардагер ұстаздарын еске алу және ұлықтау мақсатында жыл сайын №105 мектеп-лицей базасында Ү.Қошалақов атындағы математикалық олимпиада, Ақжар аулындағы №28 орта мектеп базасында орыс тілі пәнінен Ш.Шоқбаров атындағы аймақтық олимпиада және С.Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы пәнінен облыстық олимпиада, №80 мектеп-гимназияда Қ.Игенбаев атындағы облыстық математикалық олимпиадалар өткізу жоспарланған.
Тәуелсіз мемлекетіміздің шынайы қамқорлығын сезініп, ұстаз, мектеп сенімін ақтаған аудан оқушылары жыл сайын өткізілетін дәстүрлі пәндік олимпиадаларда, білім байқауларында алдыңғы қатардан көрініп, аудан мерейін асқақтатып келеді. 2016-2017 оқу жылында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің І турына 13 мектептен 23 жобамен 23 оқушы қатысты. Одан 10 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Нәтижесінде, республикалық ғылыми жобалар конкурсына Байқоңыр қаласындағы №274 орта мектептің 10 сынып оқушысы Сыланова Айжан әдебиет секциясы бойынша қатысып, ІІ орынды жеңіп алды. Республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңіне ауданнан 6 оқушы қатысып, 5 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Ал 2017-2018 оқу жылында оқушыларымыз ғылыми жобалар конкурстарында да үлкен білім сатысында бақ сынасты. Жалпы білім беретін республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің І турына 16 мектептен 26 жобамен 23 оқушы қатысты. Одан 12 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Республикалық ғылыми жобалар конкурсының тестілеу қорытындысымен әдебиет секциясы бойынша 60 балдан жоғары балл жинаған 11 сынып оқушылары №99 орта мектептен Жұмабекова Ақерке мен №109 мектептен Жайшылықұлы Асылхан 2018 жылы 13-16 ақпан аралығында Алматы қаласында өткен Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңіне қатысып, нәтижесінде №109 мектептен Жайшылықұлы Асылхан І дәрежелі диплом мен алтын медаль иегері атанды.
1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының аудандық кезеңі өткізіліп, облыстық кезеңіне ауданнан 9 мектептен 16 оқушы қатысып, 13 оқушы (І орын-2, ІІ орын-7, ІІІ орын-1, алғыс хатпен-3) жүлделі орындар мен алғыс хаттарды иеленсе, 2018 жылы 29-31 қаңтар аралығында Ақмола облысы, Щучинск қаласы, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Зерде» конкурсының қорытынды кезеңінде медицина секциясы бойынша №79 орта мектептің 3 сынып оқушысы Әбікенова Жәния І орынды және №29 орта мектептің 6 сынып оқушысы Дүйсенқызы Тоғжан ІІ орынды жеңіп алды.
Ауданның оқушылары жылма-жыл әр түрлі сайыстардан жүлделі орындар алуда. Атап айтсақ, облыстық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Ясауитану» білім байқауында №26 орта мектептің 10 сынып оқушысы Ақыпбаев Нұрсұлтан І орынды, Халықаралық қорытынды байқауында ІІ орынды иеленді. Жалпы білім беру ұйымдарының 8 сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» облыстық интеллектуалдық ойынының аудандық кезеңінде №185 орта мектептің 8 сынып оқушысы Әбиева Жаннұр І орынды, облыстық кезеңінен ІІ орынды жеңіп алды. 11 сынып оқушылары арасында Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінен жоғары балл жинап, республикалық қорытынды кезеңіне №80 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Қожақметов Даниял жолдама алды. Қ.Сәтпаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиаданың іріктеу (облыстық) кезеңінде №80 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Г.Еменова ІІІ орынды иеленді. 5-8 сынып оқушыларына арналған «Мемлекеттік рәміздер-асыл мұрамыз» атты облыстық ғылыми жоба конкурсына 7 оқушы қатысып, 6 оқушы І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді. 8-10 сыныптар аралығында өткен республикалық лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне ауданнан 3 оқушы қатысып, №199 орта мектептің 9 сынып оқушысы Мырзағалиева Мәрзия І орынды, 7-8 сынып оқушылары арасындағы облыстық пәндік олимпиадаға 6 оқушы қатысып, 5 жүлделі орынды, 7-10 сынып оқушыларына арналған «Экопроблемаларды зерттеу және альтернативті энергияны қолданудың танымдылығын арттыру» атты облыстық ғылыми жоба конкурсында 3 оқушы қатысып, 2 оқушы (№199-І орын, №29-ІІ орын) жеңімпаз, 2-4 сынып оқушылары арасындағы «Бастау» республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңіне 6 оқушы қатысып, 3 оқушы (№107-ІІІ орын, №11-ІІІ орын, №250-ІІ орын) жеңімпаз, 8-11 сынып оқушылары арасындағы «Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңіне 6 оқушы қатысып, 5 оқушы (№277-І орын, №274-ІІІ орын, №272-ІІ орын, №183-ІІ орын, №121-ІІ орын) жеңімпаз, 7-8 сыныптар арасындағы юниорлық олимпиаданың облыстық кезеңіне 8 оқушы қатысып, 3 оқушы (№105-ІІ орын, №250-ІІІ орын, №183-ІІ орын) иеленіп, қорытынды республикалық кезеңіне №105 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Мирамбекова Алданыш қатысып, мақтау грамотасымен марапатталса, Қ.Игенбаев атындағы облыстық математикалық олимпиадасына 12 оқушы қатысып, 6 оқушы ІІ және ІІІ орындарды иеленді.
Аудан мұғалімдері өздерінің шығармашылық жұмыстарымен облыс, республика көлемінде кәсіби байқауларға да қатысуда.
Дарынды бала – талапты, сөзге, іске мерген, ойы ұшқыр, бойында ерекше қабілетімен көрінетін тұлға. Ел байлығы – ұрпағымен көбейеді. Елдігіміз бен бірлігіміздің тыныштығы – болашақ ұрпақ қолында!