«InfoMatrix Asia & Pacific» Халықаралық компьютерлік жобалар (информатика) жарыстары

2018 жылдың 13-15 сәуір аралығында Алматы облысында орналасқан Сүлейман Демирел атындағы Университетінде «InfoMatrix Asia & Pacific» Халықаралық компьютерлік жобалар (информатика) жарыстары ұйымдастырылды.
Жарыстың басты мақсаты – роботты техника, заманға сай бағадарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді зерттеуге және қолдануға қызығушылық танытатын дарынды балаларды анықтау.
Ғылыми жарысқа жер шарынан 450-ге жуық оқушы қатыстырылса, біздің облысымыздан қатысқан Ақпан Дінмұхаммед Жұлдызбайұлы (Мұрагер) І орын иегері, Демиденко Евгений (Мұрагер) ІІ орын иегері, Сабырбек Мадияр және Шарип Дамир (№9БИЛ) ІІІ орын иегерлері атанды.