“Адам-Жер-Ғарыш” балалар мен жастардың Бүкілресейлік ғылыми зерттеулік және оқу-зерттеулік жобалар олимпиадасы

2018 жылдың 23-28 сәуір аралығында Королев қаласында (Мәскеу облысы, Ресей Федерациясы) “Адам-Жер-Ғарыш” балалар мен жастардың Бүкілресейлік ғылыми зерттеулік және оқу-зерттеулік жобалар олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты – экологиялық бағытта ойлайтын, сауатты эстетикалық талғамды және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс- шараларға қатысуға деген ұмтылысы бар ХХІ ғасырдағы жетілген үйлесімді тұлғаның шығармашылық жағынан жан-жақты дамуын қалыптастыру. Сонымен қатар, балалар мен жастардың инженерлік- техникалық және зерттеу мамандықтарына деген қызығушылықтарын дамыту. 
Олимпиаданың міндеттері:

  • өсіп келе жатқан ұрпақты қазіргі замандағы экологиялық мәселелерді ұғынуға және оларды шешуге тарту;
  • балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • зерттеу мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру;
    кәсіби бағдар беру;
  • балалар мен жастарға отандық ғылымды және техниканы, ұлағатты отандастардың өмірі мен қызметтерін мысалға ала отыра патриоттық тәрбие беру.

Олимпиадаға Қызылорда облысы бойынша 4 оқушы қатысты.
Сағидулла Дәурен – Қызылорда қаласы, №9БИЛ, І орын
Пак Карина – Қызылорда қаласы, “Мұрагер” мектебі, ІІ орын
Бахарам Жадыра – Қызылорда қаласы, “Мұрагер” мектебі, ІІІ орын
Бөрібай Қуаныш – Қызылорда қаласы, “Мұрагер” мектебі, ІІІ орын