«Математика және жобалау» халықаралық ғылыми жоба конкурсы

2018 жылғы 29 сәуір-5 мамыр аралығында Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында «Математика және жобалау» халықаралық ғылыми жоба конкурсы өткізілді.

«Математика және жобалау» конкурсының негізгі мақсаты мен міндеттері – оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру, зерттеушілік және жоба жасау қызметін дамыту, дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету. Сондай-ақ, математика және информатика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, математика және информатика пәндері бойынша сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды жандандыру. Қатысушылардың және мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілігін арттыру болып табылады.

Конкурсқа Қызылорда облысынан 2 оқушы қатысып, №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Ахаев Әлішер «Теңсіздіктерді дәлелдеудің әртүрлі әдістері» тақырыбымен І орын иегері атанды. Алиева Аружан (Қызылорда қаласы, №1 мектеп) қатысушы сертификатына ие болды.