Математика, физика, химия және информатика пәндерінен оқушылардың «Туймаада» халықаралық олимпиадасы

2018 жылдың 8-15 шілде аралығында Якутск қаласында (Саха Республикасы) математика, физика, химия және информатика пәндерінен оқушылардың «Туймаада» халықаралық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеті – негізгі ғылымдар саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен байланыс нысандарын кеңейту, оқушылар мен жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту,  ынталандыру болып табылады.

Қызылорда облысынан олимпиадаға №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Сейлханов Нұрдәулет жүлделі ІІІ орын және олимпиаданың Қола медалін иеленді.