1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық “Зерде” конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы туралы

2019 жылғы 10 қаңтар күні №9 және 10 дарынды балаларға арналған облыстық “Білім-инновация” лицей-интернаттары базасында 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық “Зерде” конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Конкурс төмендегі секциялар бойынша өткізілді:
1 секция – қазақ тілі мен әдебиеті;
2 секция – орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі;
3 секция – математика, информатика;
4 секция – физика, техника;
5 секция – медицина, психология;
6 секция – химия, биология;
7 секция – тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
8 секция – экология, валеология.
Конкурстың облыстық кезеңіне 139 жобамен 162 оқушы қатысты. Конкурс нәтижесі бойынша 95 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.