«Ясауитану» халықаралық білім байқауы

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 14 қыркүйек күні Қызылорда қаласы, №5 мектеп-лицей базасында «Ясауитану» халықаралық білім байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері: Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау, жас буынды елдік санаға баулу. Ұлы баба өнегесімен шәкірттерді адамгершілікке, ізгілікке баулу, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру. Сонымен қатар, тарихи-мәдени ескерткіштерді, жәдігерлерді насихаттау болып табылады.

Халықаралық білім байқауының облыстық кезеңіне 17 оқушы қатысып, нәтижесінде 8 оқушы Қызылорда облысының білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

I дәрежелі диплом иегері:
– Қонысжан Замира – Қызылорда қаласы, №11 мектеп, 11 сынып

II дәрежелі диплом иегерлері:
– Ізімғали Мағжан – Қазалы ауданы, №249 мектеп, 10 сынып
– Сержанқызы Камшат – Сырдария ауданы, №42 мектеп, 9 сынып

III дәрежелі диплом иегерлері:
– Серікбай Абылайхан – Қызылорда қаласы, №140 мектеп, 9 сынып
– Қайратқызы Ақерке – Сырдария ауданы, №42 мектеп, 9 сынып
– Бекмаханова Ұлпан – Қармақшы ауданы, №109 мектеп, 9 сынып
– Бақыт Нұрсезім – Шиелі ауданы, №45 мектеп, 8 сынып
– Есқожа Әсем – Қармақшы ауданы, №26 мектеп, 8 сынып

************************

2018 жылғы 20-21 қыркүйек күндері Түркістан қаласында өткен “Ясауитану” халықаралық байқауының қорытынды кезеңіне Қызылорда облысы бойынша 4 оқушы қатысып, 2 оқушы ынталандыру сыйлығына (20 000 теңге) ие болды.