Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

2019 жылдың 4-5 қаңтар күндері Қызылорда қаласындағы №264 мектеп-лицей базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: ғылыми бiлiмдi насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажеттi жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне 9-11 сынып оқушылары қоғамдық-гуманитарлық (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері) және жаратылыстану-математикалық (математика, физика, химия, биология, информатика, география) бағытындағы пәндер бойынша қатысты. Облыстық кезеңде Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары, Қызылорда қаласы және облыстық мектептерден жалпы есепте 332 оқушы қатысып, 167 оқушы (І орын – 23, ІІ орын – 51, ІІІ орын – 93) жүлделі орындарға ие болды.
Сонымен қатар, олимпиада барысында көрсеткен үздік нәтижелері үшін жекелеген номинациялар табысталды:
І дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясы – №9 «Білім-инновация» лицейінің командасы
ІІ дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясы – Қызылорда қаласының командасы
ІІІ дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясы – Сырдария ауданының командасы
«Ең үздік ауыл мектебі» номинациясы – №220 орта мектеп, Арал ауданы
«Ең үздік қала мектебі» номинациясы – №3 ІТ мектеп-лицейі, Қызылорда қаласы
«Олимпиада жұлдызы» номинациясы – Бақытбек Аңсаған, №10 «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы