«Семсер жырдың қорғаны – Әбділда Тәжібаев оқулары» атты облыстық байқауының қорытындысы

2019 жылғы 30 қаңтар күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен № 211 орта мектеп базасында «Семсер жырдың қорғаны – Әбділда Тәжібаев оқулары» атты облыстық байқауы болып өтті.
Облыстық байқаудың мақсаты: Қазақтың аяулы ақыны, сөз зергері, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым шығармаларын жастар арасында насихаттау, қазақ әдебиетін дамыту, халық арасынан талапты да талантты жастарды анықтау.
Облыстық байқауға аудандық, қалалық білім бөлімдері мен облыстық мекемелерден (Арал-9, Қазалы-12, Қармақшы-12, Жалағаш-10, Сырдария-2, Шиелі-12, Жаңақорған-10, Қызылорда қаласы-12, №4 ОДМИ-11) 90 оқушы қатысты.
Жеңімпаз оқушылар білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

«Толағай ақын, толастамас жыр иесі» – номинациясы бойынша:
І дәрежелі диплом
– Нұрадин Аружан – Жалағаш ауданы, №118 орта мектептің 10 сынып оқушысы;
ІІ дәрежелі диплом
– Айдарбекова Ғазиза – Қазалы ауданы, №226 мектеп-гимназияның 6 сынып оқушысы;
– Исатай Жанарыс – Шиелі ауданы, №270 орта мектептің 7 сынып оқушысы;
ІІІ дәрежелі диплом
– Серікова ЖасминҚармақшы ауданы, №26 орта мектептің 7 сынып оқушысы;
– Орынбасарұлы Ертуған – Сырдария ауданы, №37 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы;

«Шабытым жайсын қанатын» – номинациясы бойынша:
І дәрежелі диплом
– Піржан Сандыбай – Қызылорда қаласы, «Мұрагер» мектебінің 8 сынып оқушысы;
ІІ дәрежелі диплом
– Әбілқасым Мадияр – Қазалы ауданы, №91 орта мектептің 11 сынып оқушысы;
– Өтегенов Бақытжан – Шиелі ауданы, №41 орта мектептің 11 сынып оқушысы;
ІІІ дәрежелі диплом
– Смайлұлы Бекқанат – Қармақшы ауданы, №29 орта мектептің 7 сынып оқушысы;
– Амангелді Зейнеп – Жаңақорған ауданы, №167 орта мектептің 10 сынып оқушысы;

«Ә. Тәжібаев – ірі драматург» (қойылым) номинациясы бойынша:
І дәрежелі диплом
– Шиелі ауданы – «Көтерілген күмбез» қойылымы
ІІ дәрежелі диплом
– Арал ауданы – «Жомарттың кілемі»қойылымы
– Қазалы ауданы – «Той боларда» қойылымы
ІІІ дәрежелі диплом
– Қармақшы ауданы – «Майра» қойылымы
– Жалағаш ауданы – «Көтерілген күмбез» қойылымы
– Жаңақорған ауданы – «Қыз бен солдат» қойылымы
– №4 ОДМИ – «Майра» қойылымы.

Барлық қатысушылардың білім бөлімдеріне, ұстаздарына, ата-аналарына алғысымызды білдіреміз!