Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Ғылыми конкурс) Ғылыми конкурстардың ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.
2. Ғылым мен техника бойынша Халықаралық жарыстардың Ғылыми конкурсын (Intel International Science and Engineering Fair (бұдан әрі – Іntel ISEF)) жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өткiзедi.
3. Ғылыми конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi:
1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
2) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;
3) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету.
4. Ғылыми конкурстың іріктеу кезеңі халықаралық қағидалардың (Intel ISEF) талаптарына сәйкес – Ғылыми Рецензиялау Комитетімен (бұдан әрі – ҒРК) өткізіледі. ҒРК – Ғылыми конкурстың әр кезеңіндегі заңдары, қаулылары және ережелері бар ғылыми жұмыстардың, сертификаттардың, ғылыми зерттеу жоспарларының, экспонаттарының бағалануына жауапты білікті мамандар тобы болып табылады.
Ғылыми конкурстың барлық деңгейлерінде ғылыми жалғандық және бұрмалауға, басқа конкурстарға бұрын-соңды ұсынылған жұмысты өз жұмысы ретінде пайдалану немесе ұсыну, жалған мәлеметтер беруге жол берілмейді.
Ғылыми конкурстың қорытынды кезеңінің қазылар алқасы Министрлікпен бекітеді.
5. ҒРК ұсынылған жұмыстарды қарайды, бағалау критерийлары бойынша қосындылап, Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі республикалық ұйымдастыру комитетімен бекітілген әр жобаны рецензиялайды және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша облыстық кезеңге, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша республикалық кезеңге қатысушыларды анықтайды.
6. Ғылыми конкурстың қорытынды кезеңінің қазылар алқасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрімен бекітіледі.
7. Ғылыми конкурсқа:
1) аталған ғылым саласындағы фактiлер, оқиғалар, құбылыстар және бұрын танылмаған, ерекше жақтары көрсетілген;
2) мектеп тәжірибелерін жетiлдiруге, өндiрiстiк процесстердiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн, практикалық міндеттерді шешуге жаңалықтар әкелетiн аппараттардың, модельдердің, құралдардың конструкциялары ұсынылған;
3) әлеуметтiк-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған экономикалық-заңдыққа негiзделген компьютерлiк модельдер және жобалар ұсынылады.
8. Ғылыми конкурсқа:
1) жарысқа кәмелетке толмағандар үшiн рұқсат етiлмейтiн аспаптармен жұмыстар, жануарларға қатігездік көрсетiлетiн эксперименттер, адам денсаулығы мен жануарлар үшiн зиян келтiретiн заттармен жүргізілетін жұмыстар (улы, радиоактивтiк,  канцорегендік  және  мутагендік  әсері  бар зерттелмеген биологиялық белсендi қосылыстар, адам және жануарлар үшін патогенді немесе шартты патогенді заттар, микроағзалар, вирустар, iшiмдiк, никотин) жарысқа қатысуға жіберілмейді;
2) республикалық жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жұмыстар Ғылыми конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
9. Зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1) жұмыс мәтiнi компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:
– титул парағы;
– мазмұны;
– абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының қай тiлде дайындалғанына байланысты), және ағылшын тiлiнде жазылады;
– кiрiспе;
– зерттеу бөлiмi;
– қорытынды;
– пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;
2) титул парағында мыналар көрсетiледi:
– жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi;
– автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты, сыныбы;
– жұмыстың атауы;
– жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
– жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
– қаласы (жарыстың өтетiн жерi), жылы;
3) абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:
– зерттеудің мақсаты;
– гипотезасы;
– кезеңдерi, зерттеудiң реті;
– тәжірибенің әдiстемесi;
– зерттеудiң жаңалығы және дербестiк дәрежесi;
– жұмыстың нәтижесi және қорытындысы;
– нәтижелерді практикада қолдану салалары;
4) кiрiспеде (2 беттен артық емес) мыналарар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi); қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша көрсетiледi;
5) жұмыстың зерттеу бөлiмi (20 беттен кем емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұрады және мыналарды қамтиды:
– осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне көз жеткiзуге және оның мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
– қойылған мiндеттердi шешу әдiстерiн сипаттау;
– жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
– суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер, суреттер);
6) пайдаланылған әдебиеттерге сiлтеменi төртбұрышты жақшада беру керек. Мәтiнде кездесетiн сiлтемелердің шығуына қарай, нөмiрлеу реті болуы керек.
7) қорытынды (бір беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi және олардың негiзiнде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерiн ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды;
8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай тәртiпте берiледi:
– автордың тегi және қысқартылған аты-жөнi;
– мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшiн);
– журналдың, кiтаптың аты;
– басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн);
– басылған жылы, шығу нөмiрi, бетi;
9) әрбiр жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн әрi қарай пайдалану жөнiндегi ұсыныстары көрсетілген жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі керек;
10) төртiншi кезеңге (баяндамаға) 135х125 шаршы сантиметр көлемдегi стендке орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды жасау ұсынылады.
10. Стендтi ресiмдеуге қойылатын талаптар: üстендтiң жоғарғы жағына көлденеңiнен абстрактыны, қатысушының атын, жасын, мектебiнiң, қаласының, облысының атын орналастыру қажет; üстенд материалдары жұмыстың мазмұнын сипаттайтын нөмірленген кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар енгізіліп, қорытындылары көрсетіліп, талғаммен ресiмделеді; üмазмұнды дайындау кезiнде негiзгі назарды жоба авторының алған нәтижелерiн көрсетуге аударылады.
11. Уәкілдік мүшемен бекітілген ғылыми жетекші жұмыс нәтижелері диплом жұмыстарынан, магистрлік және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерінен көшірілмеген, алынған нәтижелердің нақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызметінің дағдыларына ие болып, өз қолынан келетін жұмысты орындауы керек.

2. Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
12. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығында (бұдан әрі – “Дарын” РҒПО) Intel ISEF-ке (Вашингтон, АҚШ қ.) тіркелінген жобаларды бекіту аффилендіру үшін тиісті жылдағы 20 қыркүйегінен кешiкпей тiркеледі.
13. Ғылыми конкурс төрт кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең – мектепішілік, аудандық орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында өткізіледі;
2) екінші кезең – іріктеу (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жобаны алдын ала сараптау);
3) үшінші кезең – облыстық (Алматы және Астана қалаларының білім беру ұйымдарының конкурстары, республикалық білім беру ұйымдары (бұдан әрі – РБҰ) мен “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымдары (бұдан әрі – “НЗМ” ДББҰ), мәртебесі жағынан облыстық жарыстармен теңестіріледі). Осы кезең 2 тур өткізіледі; Бірінші тур – жобаны қорғау, екінші тур – бейіндеу пәндері бойынша тестілеу;
4) төртінші (қорытынды) кезең – республикалық. Бұл кезең екі турдан тұрады. Бірінші тур – іріктеу (жаратылыстану – математикалық бағыттағы жобаны алдын ала сараптау), екінші тур – жобаны қорғау.
14. Ғылыми конкурстың бірінші және екінші кезеңін өткізу мерзімі облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармалары жетекшілерінің бұйрықтарымен анықталады. Ғылыми конкурстың үшінші, төртінші кезеңдері Министрліктің бұйрығымен белгіленген мерзімде өткізіледі. Ғылыми конкурс осы Қағиданың     қосымшасына     сәйкес    жалпы     білім     беретін     пәндер   бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізбесі бойынша өткізіледі.
15. Ғылыми жетекшінің немесе оқушылардың ғылыми қоғамының ұсынуымен, ғылыми конкурстың бірінші кезеңіне 9-11 сынып оқушылары қатысады. Зерттеу жұмыстарын екі оқушыдан кем емес орындайды.
16. Екiншi кезеңге бiрiншi кезең жүлдегерлері қатысады, олар ғылыми жетекшiнiң пiкiрiн және ілеспе құжаттарды (өтiнiм, мектептiң есебi, зерттеу журналы) ұсынады.
17. Ғылыми конкурстың қорытынды кезеңіне қатысуға үміткер үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша неғұрлым көп балл жинаған, Астана, Алматы қалаларының, РБҰ-ның, “НЗМ” ДББҰ (әр секция бойынша екі жобадан кем емес) жүлдегерлері.
18. Үшінші кезең екі турда өткізіледі:
бірінші тур – алдын ала сараптамадан өткен жобаны қорғау;
екінші тур – осы Қағиданың қосымшасында көрсетілген жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың республикалық конкурсы өтетін пәндер тізіміне сәйкес сыныбына, оқыту тіліне қарай бейіндік пәнді тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша тестілеу.
тиісті оқыту тілі, сыныбы мен секциясына сәйкес бейінді пәнді тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша тестілеу.
Әдістемелік кеңес құрастырған тестілер орындауға 2 астрономиялық сағат берілетін 60 сұрақты (120 балл) қамтиды.
Қатысушылар тестілеудің жалпы балл санынан 50%-дан төмен емес ұпай жинауы тиіс. Командалық жұмыстар үшін өту балы жұмыстың авторлары жинаған балдардың орташа арифметикалық саны болып табылады.
Үшінші кезеңді қорытындылау кезінде осы Қағиданың 5-тармағына сәйкес тестілеуде алған балдары мен жобаны қорғауда алған балдары қосылады.
19. Төртінші кезеңге қатысушылардың тiзiмiн ҚР білім және ғылым вице-министрімен бекiтіледi және бекiтiлгеннен кейін үш жұмыс күн ішінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармалары мен РБҰ, “НЗМ” ДББҰ-ның назарына жеткiзіледi.
20. Төртінші кезең – зерттеу жұмысын қорғау және осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес рәсімделген стенд материалын ұсыну. Жұмысты қорғау кезінде авторға (біріккен авторларға) баяндама үшін 10-15 минут беріледі.

3. Конкурста жеңімпаздарды марапаттау
21. Ғылыми конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
22. Республикалық кезең жеңiмпаздарының саны әр секция және әр жоба бойынша Ғылыми конкурстың республикалық кезеңіне қатысушылардың жалпы санының 45 %-ын құрайды.
Ғылыми конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздары І, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. І, II және III дәрежелі дипломдар саны мынадай үйлесімдікпен анықталады: III дәрежелі дипломдармен жеңімпаздардың 50%-ы, II дәрежелі дипломдармен 30%-ы, І дәрежелі дипломдармен 20%-ы марапатталады.
23. Егер бірнеше қатысушы жүлделі орындарды анықтау үшін қажетті төмен деңгейге сәйкес бірдей балл жинаған жағдайда, республикалық кезең жеңімпаздарының саны қазылар алқасының шешімімен көбейеді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми
жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізімі

Секциясы Пәні
1. Физика Физика
2. Техника Физика
3. Жер және ғарыш туралы ғылымдар Физика
4. Математика Математика
5. Қолданбалы математика Математика
6. Информатика Математика, информатика
7. Экономика Математика, география
8. Биология Биология
9. Химия Химия
10. Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау Биология
11. Тарих Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы
12. Адам және қоғам Дүниежүзі тарихы және адам және қоғам
13. Өлкетану География және Қазақстан тарихы
14. Әдебиет Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті
15. Этномәдениеттану Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті
16. Тіл білімі Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын, неміс және француз тілдері
Translate/Перевести/Аудару