Оқушылар арасындағы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсы

2018 жылғы 9 қаңтар күні Қызылорда қаласы, Үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебі базасында оқушылар арасындағы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңі өткізілген болатын.

Республикалық «Зерде» конкурсының негізгі мақсаты мен міндеттері: балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Сонымен қатар, зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету.

Конкурстың облыстық кезеңіне 86 жобамен 110 оқушы қатысып, 72 оқушы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша, зерттеу жұмысының өзектілігімен, тұщымды ұсыныстарымен дараланып, үздік шыға білген 15 жобамен 17 оқушы конкурстың қорытынды кезеңіне жолдама алған болатын.

2018 жылдың 29-31 қаңтар аралығында Ақмола облысы, Щучье қаласында орналасқан «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткізілген 1-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХІІІ Республикалық «Зерде» конкурсына облысымыздан қатыстырылған барлық 17 оқушы да жүлделі орындарға (І орын – 4, ІІ орын – 8, ІІІ орын – 5) ие болып, облыс намысын мақтанышпен қорғап, туған жерге жеңіспен оралды.

І дәрежелі диплом иегерлері:
– Сансызбаева Тұмарбике – Қызылорда қаласы, Мұрагер мектебі, 4 сынып
– Табынбай Әсем – Қызылорда қаласы, №136 мектеп, 6 сынып
– Әбікенова Жәния – Қармақшы ауданы, №79 мектеп, 2 сынып
– Ильясқызы Амина – Қызылорда қаласы, №7 мектеп, 2 сынып

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Жақсылық Ақбөпе – Қызылорда қаласы, №1 мектеп, 7 сынып
– Ерубаева Нурай – Қызылорда қаласы, №217 мектеп, 7 сынып
– Әбсәлім Нұрқожа – Қызылорда қаласы, №218 мектеп, 3 сынып
– Тұңғышбаев Әділжан – №4 ОДМИ, 7 сынып
– Серікбекова Ақерке – №4 ОДМИ, 7 сынып
– Клышбеков Тимур – Қызылорда қаласы, №9 мектеп, 4 сынып
– Қылышбек Нұрсерік – №4 ОДМИ, 7 сынып
– Утепова Нұрайым – №4 ОДМИ, 7 сынып

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Жеңісбекқызы Дильназ – Қызылорда қаласы, №264 мектеп, 4 сынып
– Бижанұлы Айдар – Қызылорда қаласы, №101 мектеп, 3 сынып
– Сұлтанова Сезім – Қызылорда қаласы, №№217 мектеп, 3 сынып
– Дүйсенқызы Тоғжан – Қармақшы ауданы, №29 мектеп 6 сынып
– Оңдалы Әдемі – Қызылорда қаласы, Мұрагер мектебі, 7 сынып

Қызылорда облысы командасының жетекшілері: Ибраева Айнұр, Әбілтаева Гүлбаршын, Ахметова Айман

Translate/Перевести/Аудару