«Қабылдаған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым» республикалық эссе конкурсы

1. Жалпы ережелер
1.1. Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сай «ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі» кезінде «Бір күнде – бір жақсылық жасайық +… Одно доброе дело – в день+… Оne good thing – per day +…(1+1+…)» республикалық Акциясы аясында өткізілетін «Қабылдаған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым» атты, бірінші республикалық эссе конкурсына (бұдан әрі – конкурс) мектеп оқушылары, студенттер, жастар, ата-аналар, діні, ұлтына қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
1.2. Байқаудың құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ, «Қуатты Қазақстан» ұлттық ділін қалыптастыру қоғамдық қоры болып табылады.

 2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1. Мақсаты – адамзатының ХХІ – алтын ғасырына бейбітшілік пен тұрақтылық, рухани жаңғыру негізінде, ғылыми – техникалық жағынан дамыған өркениеттер қатарындағы қуатты Қазақстанның дамуына, отбасы, мекеме, қоғамдық өмірдің барлық саласында, қабылдаған ізгі – дұрыс шешімдерімен үлгі болар мектеп оқушылары, студенттер, жастар, ұстаздар, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми – зиялы қауым өкілдері мен Қазақстан азаматтарының тәжірибелерін дәріптеу.
2.2. Міндеті – ҚР Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» мақаласына сай, «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға, әрбір Қазақ Елі азаматының өз орнында бірлігіміз бен елдігімізге ат салысу негізінде, қоғамда ізгілікке бағытталған ой – сана қалыптасуына өзіндік үлес қосу.

3. Байқауға қатысушылар
3.1. Байқау мектеп оқушылары, студенттер, жастар, ұстаздар, мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ барлық Қазақстан азаматтары қатыса алады.
3.2. Республикалық эссе конкурсына қатысуға ниет білдірген жеке мемлекеттік қызметкерлер мен Қазақстан азаматтары өз жұмыстарын тікелей конкурстық комиссия Ұйымдастырушысының электронды поштасына салады.
3.3 Әрбір өтініш беруші бір ғана конкурстық жұмыс бере алады.

4. Байқаудың басшылығы
4.1 Қазақстан Республикасы Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сай көкірек көзі ашық, саналы да, сапалы ұрпақ, кадрлар тәрбиелеу негізінде индустриалды – инновациялық жағынан дамыған 30 ел қатарына кіруге бағытталған экономикалық серпіліс жасаудың стратегиялық мақсат – мүдделеріне сай, «ҚР Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның» міндеттері мен шешімдеріне сәйкес, «Туған жер» бағдарламасы іс-шаралары шеңберінде, «Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО – 2017 көрмесі» кезінде, «Бір күнде – бір жақсылық жасайық +…Одно доброе дело – в день+… Оne good thing – per day +…(1+1+…)» республикалық Акциясы аясында өткізілетін, «Қабылдаған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым» тақырыбындағы, бірінші республикалық эссе байқауының басты Ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).
4.2. Ұйымдастырушы:
– конкурстық (сарапшылар) байқау комиссиясы өз мүшелерінің құрамы мен байқауға қойылатын талаптар шарттарын белгілеп, бекітеді;
– барлық конкурстық рәсімдер мен марапаттау тәртібін айқындайды және қамтамасыз етеді;
– Конкурстың нәтижелерін бекітеді;
– тиісті органдарға жеңімпаздар жұмыстарын ұсынады;
– нәтижелері туралы ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялап, сайтында ______________ орналастырады.
4.4. Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін, Ұйымдастырушы байқауға қатысушылардан қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
4.5. Эссе конкурсының жеңімпаздарын байқау (сарапшылар) комиссиясы анықтайды, оның мүшелігіне мемлекеттік органдардың өкiлдерi, қоғамдық, білім беру, ғылыми, әлеуметтік ғылымдар саласындағы мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ қоғам қайраткерлері кіреді.
4.6. Конкурстық (сараптама) комиссиясы:
– байқауға ұсынылған жұмыстарды талдау және бағалауды жүзеге асырады;
– жеңімпаздар тізімін жасайды.

5. Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары
5.1. Жұмысты іріктеу критерийлері.
5.2. Эссе байқауына жолданған жұмыстар төмендегідей көрсеткіштер бойынша бағаланады:
– бірлік пен бейбітшілік, толеранттық даму бағытымыз негізінде, саналы да, сапалы, парасатты тұлға, адам капиталын қалыптастыруға бағытталған, «Мәңгілікке» нық басқан, куатты Қазақ елінің стратегиялық даму бағытына сай болуы;
– күнделікті өмірде, ой-сана, ниет-пиғыл, гигиеналық, адамдар арасындағы қарым-қатынас тазалығы, қоршаған ортаға деген, экологиялық ой-сана, жан-жақты рухани тазалық ұстанымдарына сай, ақ пен қараны ажырата білу негізінде, ізгі-дұрыс шешім қабылдай білуі;
– байқауға қатысушының өз өмірінде қабылдаған ізгі-дұрыс шешімдерінен мысал, және сол жағдайлардың азамат, тұлға ретінде қалыптасуына тигізген әсерлері;
6.1. Байқау 2 кезеңде өткізіледі
Бірінші кезең – байқау 2017 – жылдың 21 қазанына дейін «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Білім жіне ғылым министрлігінің аудандық, қалалық, облыстық білім басқармалары, қоғамдық ұйымдар, қоғам қайраткерлері қатысуымен, оқу орындары, мекемелердегі эссеге қатысушылар жиналыстары мен конференцияларында талқыланып, жиын қорытындысы бойынша ең үздік деген 2 эссе (1 оқушы не студент, 1 ұстаздың) жиын хаттамасымен бірге, республикалық байқау комиссиясының эл. почтасына жіберіледі.
6.2 Конкурс аяқталған күннен кейін эсселер қабылданбайды және көрсетілген талаптарға сай емес шығармалар қарастырылмайды.
Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.
6.3. Конкурс қорытындысы туралы ақпарат, қатысушылар көрсеткен мекенжайға, электрондық пошта арқылы жіберiледi.
Екінші кезең – қорытындылау және марапаттау рәсімі 1 – желтоқсан 2017 ж. ҚР Тұңғыш Президенті күні өткізіледі .

 7. Эссе жұмысына қойылатын талаптар
7.1. Материалдың мәтіні А4 форматында болуы тиіс. Бет саны 1-2 бет. Құжат MS Word 2010 форматында болуы тиіс. Қаріп түрі Times New Roman, қаріп өлшемі – 12, интервал 1 болуы тиіс.
Эссе мәтінінің орналасу реті төмендегіше:
– эссе тақырыбы (қою әріппен);
– автордың аты-жөні (толық);
– облыс, аудан (қала) немесе ауыл;
– мекеме немесе ұйым атауы;
Эссенің орфографиялық қателіктеріне, жұмыстың мәтініне, авторлық құқығының сақталуына конкурсқа қатысушы жауапты. Конкурсқа ұсынылған жұмыс бұрын баспа бетінде жарияланбаған болуы шарт. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар көрсетілген уақытқа сәйкес қабылданады.
7.2. Конкурсқа материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

8. Байқау қорытындысы
8.1. Конкурс жеңімпаздары «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының этно-мәдени орталықтары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің аудандық, қалалық, облыстық басқармалары, «Астана – ЭКСПО» ҰК» АҚ, «Алтын ғасыр – Золотой век», «Эко сана – Эко сознание», «Ақыл – парасат – Интеллект», «Бірлік – Единство» номинацияларына сай алғыс хаттарымен, 2017 жылдың 1 – желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні марапатталады.

Translate/Перевести/Аудару