5-9 сынып оқушылары арасында “Мен қазақ қыздарына қайран қалам” облыстық театрланған қойылым конкурсы

Жалпы ережелер
Қызылорда облысының білім басқармасының “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығының 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес және Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламасын орындау мақсатында жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасындағы “Мен қазақ қыздарына қайран қалам” облыстық театрланқан қойылымын (бұдан әрі – Қойылым) өткізу.
Қойылымды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

Қойылымның мақсаты мен міндеттері
– Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру”  атты бағдарламалық мақаласын насихаттау;
– Оқушылардың бойына ұлттық рухани байлықты сіңіру, көнерген салтымызды қайта жаңғырту, үлкендерді құрметтеуге, кішіге ізетті болуға баулу; аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу; қазақ елін, оның салт-дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Қойылымды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Қойылым екі кезеңнен тұрады:
– Бірінші кезең (аудандық/қалалық) а.ж. 2 наурызға дейін өткізіліп, екінші кезеңге (облыстық) ұсыныс syrdaryny@mail.ru электронды поштасына а.ж. 5 наурызға дейін жіберілуі керек. 5 наурыздан кешіктіріліп жіберілген ұсыныстар қабылданбайды.
– Екінші кезең (облыстық) кезең а.ж. 7 наурыз күні Қызылорда қалалық қосымша білім беру орталығы базасында өткізіледі.
Қойылым төмендегідей кезеңдер бойынша жүргізіледі:
1) Сәлемдесу кезеңі (топтың атауы, ұраны, төсбелгісі);
2) Үй тапсырмасы (қазақтың көне дәстүрін қайта жаңғырту мақсатында ұмыт болып кеткен немесе қазіргі күні бұрмаланып қолданылып жүрген салт-дәстүріміздің түпнұсқасын көрініс арқылы ұсыну)

Қойылымға қатысушылар
Қойылымға сөз мәйегін таба білетін, халқымыздың салт-дәстүрін етік меңгерген, әр ауданнан жеті оқушылан құралған бір топ қатыса алады.
Қатысушы оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау және уақытыл жетуі мен қайтуына қалалық, аудандық білім бөлімдері басшылары мен облыстық мекемелер басшылары жауапты болады.

Бағалау критерийлері
Қазылар алқасының мүшелері оқушыларды төмендегі өлшемдермен 10 балдық жүй бойынша бағалайды:
– сәлемдесудің ерекше үлгісі;
– актерлік шеберлік;
– қойылымның ұтымды таңдалуы;
– тапқырлығы;
– киім үлгісінің тақырыпқа сай болуы.

Жеңімпаздарды марапаттау
Облыстық байқаудың жеңімпаздары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған әлеуметтік желілердегі парақшаларында (vkontakte: Сыр Дарыны, instagram: syrdaryny, facebook: Сыр Дарыны) жарияланатын болады.  

Облыстық конкурсқа  ұсыныс төмендегі кесте бойынша қабылданады:

Оқушының аты-жөні

Аудан, қала

Мектебі

Сыныбы

Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны

Translate/Перевести/Аудару