«Экопроблемаларды зерттеу және альтернативті энергияны қолданудың танымдылығын арттыру» тақырыбындағы облыстық ғылыми жоба конкурсы

Жалпы ережелер
Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Ерташованың «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша желтоқсан айында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес және Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламасын орындау мақсатында жалпы білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушыларына арналған «Экопроблемаларды зерттеу және альтернативті энергияны қолданудың танымдылығын арттыру» тақырыбында облыстық ғылыми жоба конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу.
Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

Конкурстың мақсаты мен міндеттері
– Оқушылардың ғылыми ізденіске түсуіне жол ашу;
– Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу;
– Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырумен қатар, дарынды оқушыларды анықтау, әрі қолдау;
– Оқушыларды Қазақстандағы экологиялық проблемаларға байыпты көзқараспен қарап, қоғамға деген қажеттілігін сезіндіру;
– Оқушылардың бос уақытын маңызды өткізу түрлері мен әдістерін жетілдіру, шығармашыл жастардың білімін көтеру, белсенділігін арттыру.

Конкурсты өткізу тәртібі
Ғылыми жоба конкурсы екі кезеңнен тұрады:
– Бірінші кезең (аудандық/қалалық) а.ж. 14 желтоқсанына дейін өткізіліп, екінші кезеңге (облыстық) ұсыныс syrdaryny@mail.ru электронды поштасына а.ж. 15 желтоқсанына дейін жіберілуі керек. 15 желтоқсаннан кешіктіріліп жіберілген ұсыныстар қабылданбайды.
– Екінші кезең (облыстық) кезең а.ж. 25 желтоқсан күні Қызылорда қаласы,  №23 мектеп-лицей базасында өткізіледі.
Конкурсқа ұсынылған ғылыми жобалар облыстық деңгейдегі ұйымдастырушылар әзірлеген қазылар алқасының құрамы негізінде бағаланады.
Аудандық, қалалық конкурсты ұйымдастырушылар іріктеуді осы Ереже аясында жүргізеді.
Аудандық, қалалық конкурсқа қатысушы әр үміткер 1 ғана жоба ұсына алады. Конкурсқа (құрамы 2 адамнан аспайтын) бірлескен авторлар да қатыса алады.
Конкурстың барлық деңгейлерінде ғылыми жалғандық және бұрмалауға, басқа да байқау конкурстарында бұрын соңды ұсынылып, жеңімпаз атанған жұмыстарды пайдалануға жол берілмейді.
Қорытынды конкурсқа қатысушы үміткерлер өз жұмыстарын қорғау мақсатында баяндама жасайды. Баяндама уақыты – 7-10 минут. Баяндама барысында электронды материалдарды, көрнекі құралдарды қолдануға болады.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар
Жұмыс мәтіні компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:
– титул парағы;
– мазмұны;
– абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тілдерінде (зерттеу жұмысының қай тілде дайындалғанына байланысты) және ағылшын тілінде жазылады;
– кіріспе;
– зерттеу бөлімі;
– қорытынды;
– пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Титул парағында мыналар көрсетіледі:
– жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;
– автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;
– жұмыстың атауы;
– жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
– жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;
– ауданы (жарыстың өтетін жері), жылы;
Абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:
– зерттеудің мақсаты;
– гипотезасы;
– кезеңдері, зерттеудің реті;
– тәжірибенің әдістемесі;
– зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;
– жұмыстың нәтижесі және қорытындысы;
– нәтижелерді практикада қолдану салалары;
Кіріспеде (2 беттен артық емес) мыналар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (міндеті), қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі;
Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен кем емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұрады және мыналарды қамтиды:
– Осы жұмысты жүргізудің қажеттілігіне көз жеткізуге және оның мақсатын (міндетін) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
– Қойылған міндеттерді шешу әдістерін сипаттау;
– Жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
– Суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер, суреттер);
Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек.
Мәтінде кездесетін сілтемелердің шығуына қарай, нөмірлеу реті болуы керек.
Қорытынды (бір беттен артық емес) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды;
Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынадай тәртіпте беріледі:
– автордың тегі және қысқартылған аты- жөні;
– мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшін);
– журналдың, кітаптың аты;
– басып шығарылған орны және баспасы (кітаптар үшін);
– басылған жылы, шығу нөмірі, беті;
Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстары көрсетілген жетекшінің пікірі қоса берілуі керек.
Облыстық кезеңге (баяндамаға) 135*125 шаршы сантиметр көлемдегі стендке орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды жасау ұсынылады.
Стендті рәсімдеуге қойылатын талаптар:
– стендтің жоғарғы жағына көлденеңінен абстрактыны, қатысушының атын, жасын, мектебінің, ауданының атын орналастыру қажет;
– стенд материалдары жұмыстың мазмұнын сипаттайтын нөмірленген кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар енгізіліп, қорытындылары көрсетіліп, талғаммен рәсімделеді;
– мазмұнды дайындау кезінде негізгі назарды жоба авторының алған нәтижелерін көрсетуге аударылады.
Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызметінің дағдыларына ие болып, өз қолынан келетін жұмысты орындауы керек.

Бағалау критерийлері
Ең үздік шығармаларды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
– Шығармашылық қабілеттілігі;
– Ғылыми ойлауы;
– Қолданылған зерттеу әдістерінің тиімділігі;
– Тақырыпты ашу дәрежесі;
– Шеберлігі, ұсынылатын материалдың сапасы, айқындылығы;
Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.

Конкурста жеңімпаздарды марапаттау
Облыстық байқаудың жеңімпаздары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған әлеуметтік желілердегі парақшаларында (vkontakte: Сыр Дарыны, instagram: syrdaryny, facebook: Сыр Дарыны) жарияланатын болады.  

Облыстық конкурсқа  ұсыныс төмендегі кесте бойынша қабылданады:

Оқушының аты-жөні

Аудан, қала

Мектебі, Сыныбы

Оқыту тілі

Жобаның тақырыбы

Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны