«Жаныңда жүр жақсы адам» атты облыстық сырттай эсселер байқауы

Жалпы ережелер
Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Ерташованың «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша желтоқсан айында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес және Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын орындау мақсатында жалпы білім беру ұйымдарының 3-5 сынып оқушылары арасындағы «Жаныңда жүр жақсы адам» атты облыстық (сырттай) эссе байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері
– Оқушыларды жақын адамдардың өзара қарым-қатынастағы ынта-ықыласына орай бағдарлануына, бір-бірімен жан-жылуымен бөлісуге, жақын адамдарының қадір-қасиетін ұғындыруға, өзінің отбасындағы және қоғамдағы айрықша орнын ұғындыруға ықпал ету;
– Оқушылардың өз бойындағы адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттерін бағалай отырып, жағымды орта қалыптастыра білуге тәрбиелеу;
– Оқушылардың қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейірімді қатынас жасай алу іскерліктерін дамытып және өзін-өзі алдамауға дамыту;
– Оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары
Эссе байқауы екі кезеңнен тұрады:
1-кезең (қалалық, аудандық) – 11 желтоқсанға дейін;
2-кезең (облыстық) – а.ж. 13 желтоқсанында «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында өткізіледі.
Байқауға аудандық, қалалық кезең жеңімпаздары ғана қатыса алады. Сонымен қатар, қатысу туралы сұранысты «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына 2017 жылдың 11 желтоқсанына дейін тапсырады. Байқау аяқталған күннен кейін эсселер қабылданбайды және көрсетілген талаптарға сай емес шығармалар қарастырылмайды. Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қызылорда қ., Әйтеке би, №2. Тел: 8(7242) 26-30-71, е-mail: syrdaryny@mail.ru

Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары – Жұмыстар оқушының таңдауымен қазақ және орыс тілдерінде орындалады; üМатериалдың мәтіні А4 форматында жазылады. Бет саны 2 беттен кем болмауы тиіс. Қаріп түрі – Times New Roman. Қаріп өлшемі – 12, интервал 1 болуы тиіс.
– Эссенің орындалу реті төмендегіше:
•эссе тақырыбы (қою әріппен)
•автордың аты-жөні (толық)
•облыс, аудан (қала) немесе ауыл
•білім беру ұйымының атауы, сыныбы
•авторға бағыт беруші жетекшінің аты-жөні (толық)
– Эссенің орфографиялық қателіктеріне, жұмыстың мәтініне, авторлық құқығының сақталуына байқауға қатысушы жауапты. Байқауға ұсынылған жұмыс бұрын баспа бетінде және интернет желілерінде жарияланбаған болуы шарт. Байқауға ұсынылған жұмыстар көрсетілген уақытқа сәйкес қабылданады.
– Шығарма әр түрлі нысандарда жазылуы мүмкін (эссе, шығарма-толғау, шығарма-талқылау, т.б.).

Бағалау критерийлері
Ең үздік шығармаларды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
– ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
– шығарма мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
– жазба тілінің сапасы;
– зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
– тарихи деректердің болуы, әдеби материалдарды пайдалану деңгейі;
– сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.

Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
Қорытынды кезеңінің жеңімпаздары облыстық білім басқармасы басшысының  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады
Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған әлеуметтік желілердегі парақшаларында (vkontakte: Сыр Дарыны, instagram: syrdaryny, facebook: Сыр Дарыны) жарияланатын болады.

 Байқауға қатысуға өтінімнің үлгісі

Оқушының аты-жөні

Аудан, қала

Мектебі

Сыныбы

Оқыту тілі

Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны

Translate/Перевести/Аудару