«Руханият және келісім мәдениеті – бірлігі жарасқан елдің кепілі» атты облыстық шығармалар байқауы

Жалпы ережелер
Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасындағы «Руханият және келісім мәдениеті – бірлігі жарасқан елдің кепілі» тақырыбындағы облыстық  шығармалар байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері
– Оқушылар арасында бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің осындай бірлікті Ел болуымыздың кепілі екіндігін насихаттау. Сонымен қатар, «Қазақстан – 2050» стратегиясымен танысуларына себепкер болу; üОқушылардың бойында патриоттық тәрбиенің негізін қалау. Еліміздің бейбітшілік пен келісімнің мекені болып отырғанына мақтаныш сезімін оятып, өзіндік үлесін қосуға, оң көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету;
– Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін, көркемдік-эстетикалық  дүниетанымын ашу, дамыту және қолдау;
– Оқушылардың бос уақытын маңызды өткізу түрлері мен әдістерін жетілдіру, шығармашыл жастардың білімін көтеру, белсенділігін арттыру.  

Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Шығарма байқауына әр аудандық (қалалық) білім бөлімінен және облыстық мекемелерден 5 жұмысқа дейін қабылданатын болады. Байқаудың облыстық кезеңіне ұсыныстар 2017 жылдың 15 қарашасына дейін syrdaryny@mail.ru электронды поштасына қабылданып, 16 қараша күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының базасында сырттай негізде өткізіледі. 

Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары
– Жұмыстар оқушының таңдауымен қазақ және орыс тілдерінде орындалады;
– Шығарма әр түрлі нысандарда жазылуы мүмкін (эссе, шығарма-толғау, шығарма-талқылау, т.б.)
– Байқауға қатысқан шығармаларға пікір жазылмайды, қайтарылмайды.

Бағалау критерийлері
Ең үздік шығармаларды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
– ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
– шығарма мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
– жазба тілінің сапасы;
– зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
– тарихи деректердің болуы, әдеби материалды пайдалану  деңгейі;
– сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).

Конкурста жеңімпаздарды марапаттау
Облыстық байқаудың жеңімпаздары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған әлеуметтік желілердегі парақшаларында (vkontakte: Сыр Дарыны, instagram: syrdaryny, facebook: Сыр Дарыны) жарияланатын болады.  

Translate/Перевести/Аудару