Қазақ тілі мен әдебиетінен Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиада

Жалпы ережелер

Берілген Ереже қазақ тілі мен әдебиетінен академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданы (бұдан әрі – Олимпиада) ұйымдастыру мен өткізу тәртібін анықтайды.

Олимпиаданың мақсаты – республика бойынша дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету.

Олимпиаданың негізгі міндеттері:

– оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету;

– патриотизмді, азаматшылықты дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу;

– оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Олимпиаданың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы болып табылады.

Олимпиаданың жұмысшы органдары

Олимпиаданы өткізу үшін шараны ұйымдастыру-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ететін және үйлестіруді жүзеге асыратын ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

1) Олимпиадаға жалпы жетекшілікті жүзеге асырады;

2) Олимпиаданың облыстық кезеңінің қазылар алқасының құрамы мен саны бойынша ұсыныстар енгізеді:

3) Олимпиаданың қорытындысын сараптайды және таратады;

4) Республикалық ұйымдастыру комитетіне Олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлер тізімін ұсынады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау, Олимпиада қатысушыларының рейтінгісін құру үшін құрамына өңірдің алдыңғы қатарлы ЖОО ғалымдары, білім бөлімдерінің әдіскерлері, Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің шығармашылықпен қызмет ететін мұғалімдері кіруі мүмкін қазылар алқасы сайланады.

Олимпиаданың республикалық кезеңінің төрағасы мен құрамы Республикалық ұйымдастыру комитетінің ұсынысы бойынша Министрлікпен бекітіледі.

Әр сынып бойынша қазылар алқасының саны тақ саннан (3 адамнан кем емес) құралады.

Қазылар алқасының құрамына оқушысы Олимпиадаға қатысатын мұғалімдер кіргізілмейді.

Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

Олимпиадаға қазақ тілінде білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады.

Олимпиада 3 кезеңде өткізіледі:

1)  бірінші – аудандық (қалалық) – аудандық және қалалық білім бөлімдері ағымдағы оқу жылының наурыз айында білім басқармасының тиісті органдары дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі;

2)  екінші – облыстық – ағымдағы оқу жылының сәуір айында республикалық ғылыми-әдістемелік кеңес дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі.

Олимпиаданың екінші кезеңіне бірінші кезеңнің жеңімпаздары қатысады. Әр ауданнан (қаладан), облыстық мамандандырылған мектептен 3 оқушы қатысады: 9 сынып – 1 оқушы, 10 сынып – 1 оқушы, 11 сынып – 1 оқушы.

3)  үшінші кезең – республикалық – Өскемен қаласында сәуір айында республикалық ғылыми-әдістемелік кеңес дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі.

Олимпиада 2 айналымда өткізіледі:

1 айналым – жазбаша – эссе;

2 айналым – ауызша – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша.

Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау

Олимпиаданың жүлдегерлері І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Олимпиаданың облыстық кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.

Олимпиаданы қаржыландыру

Олимпиада қатысушыларының жол жүруін, тамақтану және тұратын жерін ұйымдастырумен байланысты шығындар жіберуші білм мекемелерінің немесе жеке (демеушілік) қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Облыстық кезеңді өткізу, жүлдегерлерді марапаттау бекітілген шығындар сметасы аясында жүзеге асырылады.

Translate/Перевести/Аудару