Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиада

2018 жылғы 1 наурыз күні №140 орта мектеп базасында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері – оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, патриотизмді, азаматшылдықты дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

2 кезеңнен құралған олимпиадада оқушылар ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазып, өз көзқарастарын көрсетті. Бірінші кезең бойынша эссенің мазмұны, құрылымы, тіл шеберлігі, тілдік сауаттылығына назар аударылса, екінші кезеңде оқушылар тест тапсырмаларын орындау арқылы бағаланды.
Олимпиада нәтижесінде 11 оқушы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына ие болды.

І дәрежелі диплом иегерлері:
– Еркінқызы Гүлнұр – Сырдария ауданы, №210 мектеп, 9 сынып
– Емберген Сәния – Қазалы ауданы, №102 мектеп, 10 сынып
– Жұмабекова Ақерке – Қармақшы ауданы, №99 мектеп, 11 сынып

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Темірханова Нұржамал – Арал ауданы,№83 мектеп, 9 сынып
– Налибаева Зарина – Қармақшы ауданы, №274 мектеп, 10 сынып
– Жақсылық Аружан – Шиелі ауданы, №219 мектеп, 11 сынып

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Бекмұратова Мерейлім – Қармақшы ауданы, №80 мектеп, 9 сынып
– Боранбай Жанерке – №10БИЛ, 9 сынып
– Жақсылық Ботагөз – №10БИЛ, 10 сынып
– Әмірбекқызы Арайлым – Жалағаш ауданы, №246 мектеп, 11 сынып
– Райымбек Жансая – №10БИЛ, 11 сынып

2018 жылғы 25-28 сәуір аралығында Өскемен қаласында өткен аталмыш олимпиаданың қорытынды кезеңіне облысымыздан 9 оқушы қатысып, Жалағаш ауданы, №246 мектептің 11 сынып оқушысы Әмірбекқызы Арайлым арнайы сыйақымен марапатталса, Шиелі ауданы, №219 мектептің 11 сынып оқушысы Жақсылық Аружан және Қармақшы ауданы, №99 мектептің 11 сынып оқушысы Жұмабекова Ақерке ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.

Жетекшілері – Садықова Лаура.

Translate/Перевести/Аудару