«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалі

Жалпы ережелер

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалін (бұдан әрі – Фестиваль) өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.

Мақсаты: үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері:

1) балалардың интеллектуалдық және шығармашылық қаблеттерін дамыту үшін жағдай жасау;

2) өскелең ұрпаққа қызықты болатын сұрақтар мен мәселелерді анықтау;

3) кино және телевидение салаларында дарынды балалар мен жастарды іздеу және қолдау;

4) шығармашылық тұлғаның өз ойын білдіру тәсілдерінің бірі ретінде фильмдер, жарнамалар, репортаждар жасау процесін ынталандыру;

5) өнегелі, рухани және отбасылық құндылықтарды экран арқылы насихаттау;

6) балалар мен жасөспірімдер жұмыстарының мәліметтер банкін құру;

7) балалар мен жасөспірімдердің, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын балалардың әлеуметтік және шығармашылық тұрғыда өзін өзі танытуға ықпал ету;

8) іс-шаралар қатыстыру арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыру.

Фестивальді Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша өткізеді.

Фестивальдің қазылар алқасының құрамын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қалыптастырады.

Фестивальді ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.

Фестивальді өткізу орны және уақыты

Фестиваль 2019 жылғы 7-8 маусымда Қостанай қаласында өткізіледі. Қатысушылардың келу күні – 6 маусым, кері қайту күні – 2019 жылғы 9 маусым.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған Фестивальға қатысу туралы өтінім (1-қосымша) 2019 жылғы 1 мамырға дейін келесі мекенжай бойынша: 000010 Астана қаласы, Мәңгілік ел, 8, ҚР БжҒМ, bibi.abilkarimova@mail.ru электронды поштасына қабылданады, телефондары: 8 (7172) 74-22-87, 74-22-95.

Өтінімге қоса мыналар тіркеледі:

1) Фестивальдің облыстық (Астана, Алматы және Шымкент – қалалық) кезеңдері жеңімпаздарының және топ жетекшісінің фестивальға қатысуы үшін жолдау туралы білім басқармасы басшысы бұйрығының көшірмесі;

2) қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, номинациясы, жұмыстың тақырыбы, топ жетекшілерінің аты-жөні, қызмет орны, лауазымы, ұялы телефондары);

3) қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

 Фестивальға қатысушылар

 Фестивальға облыстарда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өткізілген фестиваль кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 13-17 жастағы білім алушылары (балалар және жасөспірімдер фильмдерінің авторлары, киностудиялардың балалар шығармашылық ұжымдары) қатысады.

Жалпы қатысушылар саны – 160 адам.

Фестивальдің өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге кері қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары анықтаған топ жетекшісіне жүктеледі.

Топтың әрбір қатысушысы Фестиваль өтетін жерге баратын жолда, оны өткізу кезінде және тұрғылықты жеріне қайтар жолда өз заттарының сақталуына жауапты.

Фестивальге келген соң топ жетекшісі ұйымдастыру комитетіне тапсырады:

1) байқаудың облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша білім алушылар мен топ жетекшісін Республикалық фестивальға қатысу үшін жолдау туралы білім басқармасы басшысы бұйырығының көшірмесі;

2) қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, номинациясы, жұмыс тақырыбы, топ жетекшісінің аты-жөні, қызметтік лауазымы, ұялы телефоны);

3) қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (төлқұжат), туу туралы куәліктердің көшірмелері;

4) дәрігердің қолымен және мөрімен расталған қатысушының денсаулық жағдайы туралы анықтама;

5) білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен расталған қатысушының фотосуреті бар оқу орнынан анықтама;

6) топ жетекшілерінің іссапар куәліктері.

Әр облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары делегацияларының киімдерінде ерекше элементтері: галстуктар, кепкалар, бейсболкалар, төсбелгі және т.б. болуы қажет.

Фестивальді өткізу шарты және тәртібі

Республикалық Фестиваль екі кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

мектепішілік Фестиваль;

аудандық (қалалық) Фестиваль;

облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалары Фестивалі.

2) екінші кезең (қорытынды) – Республикалық Фестиваль

Бірінші өңірлік (іріктеу) кезеңді өткізу мерзімі аудандық (қалалық), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен анықталады.

Фестивальға кез-келген жанрдағы жұмыстар және шығармашылық шешімдер: дәстүрлі немесе сандық технологиялардың көмегімен – видеокамера, фотокамера және ұялы телефонмен түсірілген 3 минутқа дейінгі қысқа метражды фильмдер қабылданады.

Фестиваль байқаулары келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) деректі (ойынды емес) кино – нақты оқиға негізінде алынған, адамдар, жағдайлар туралы шығарма;

2) ойынды кино – операторлық және режисерлік, және актерлер өнері көмегімен түсірілген сюжетті (ойдан шығарылған немесе нақты оқиға желісі бойынша) шығарма;

3) STOP-MOTION – STOP-MOTION технологиясымен құрылған видео,сюжетті шығарма. Таңдап алынған видеодан немесе фотокамерадан түсірілген кадрларды тізбектей монтаждалатын ролик. Кадрда аз қадам жасай жылжи отырып, үздіксіз қозғалыстағы адамдар мен заттардың қозғалыс иллюзиясын жасайды;

4) әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик – қоғамдағы мәселелерге көрермендердің назарын аударуға арналған қысқа жарнамалық хабарлама;

5) анимация – компьютерлік немесе заттық техникада орындалған, қозғалмалы иллюзияны құрайтын кез-келген мультипликациялық шығарма;

6) видео-арт – компьютерлік өңдеудің және жаңа видеотехникалық құрылғылардың көмегімен түсірілген авторлық көркемдік концепция видеоролигі;

7) музыкалық клип;

8) киножурнал – елдің өмірі, ішкі және халықаралық саяси оқиғалар және т. б. туралы қысқа ақпараты бар кинохроника түрі;

9) «Ералаш» – әзіл-сықақ бейнеролигі.

Байқау жұмыстары келесі өлшемдер бойынша бағаланады:

1) идеяны, сюжетті нақты көрсетудің стандартты емес тәсілі;

2) ұсынылған номинацияға сәйкестігі;

3) сюжеттік линияны сақтау;

4) фильмнің дыбыстық ресімделуі;

5) шығармашылық тәсілі;

6) баяндау сауаттылығы (титрлары, дыбысталуы, қорғау кезіндегі сөйлеу);

7) бейнелеу сапасы;

8) идеяның, тақырыптың өзектілігі;

9) сонылығы;

10) монтаж;

11) көру жайлылығы және қабылдау жеңілдігі.

Байқау жұмыстарының мазмұнына қойылатын талаптар:

  • фильмнің мазмұны тақырыпты ашуы;
  • өмір, жұмыс, балалар мен ересектердің қызығушылықтары, олардың армандары;
  • салауатты өмір салтын насихаттау;
  • мейірімділік және қайырымдылық таныту;
  • ұрпақтар диалогы;
  • қоршаған орта экологиясы және оны қорғау;
  • отансүйгіштік қасиеттерді таныту және өз тілін үйренуге қызығушылық;
  • әлеуметтік мәселелерді шешу идеялары.

Байқау жұмыстарын ресімдеу талаптары.

Фильм DVD (CD)-тасымалдаушы дискіге, USB-жинақтау флешкасына жазылады. Видеоның форматы: avi, mpеg, mp4, wmv, flv, mkv, vob, mov. Кассеталар мен дискілер қатты қаптамаларға оралуы тиіс.

Жұмыста видеофильмдерден алынған видео, фото, интервью, блиц-сұрақтар, көркем суреттер мен титрлар, фрагменттер, музыка, кадр сыртындағы дыбыстар, видеофильмдерден алынған фрагменттерді қолдануға болады. Жұмыстың қысқаша сипаттамасында немесе титрде фильмде қолданылған материалдардың авторлары көрсетілуі тиіс.

Байқау жұмысына word форматында қоса тіркелген үлгіге сәйкес фильмнің аталуы, автордың ТАЖ, білім беру ұйымы, сыныбы және байланыс мәліметтері, түсірім күні, хронометраж, жұмыстың қысқаша сипаттамасы (қосымша) көрсетілген өтінім тіркелуі тиіс.

Фестивальға бір автор бір фильмнен артық ұсына алмайды. Фестивальға ұсынылған фильмдер қайтарылмайды. Фестивальға ұсынылған фильмнің дыбысталуынан немесе бейнеленуінен ақауы бар материалдар байқауға жіберілмейді.

Фильм бөтен авторлық құқықты бұзбауы керек. Фильмде нәсілдік, ұлттық, діни ымырасыздық элементтері, азаматтардың құқықтары мен қадір-қасиетін зорлық-зомбылыққа және бұзуға шақырулар болмауы, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.

Фестивальдің ұйымдастырушылары байқауға қатысқан жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында авторды көрсете отырып жариялауға құқылы.

 Фестивальға қатысушыларды марапаттау

Фестиваль жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Фестивальдің барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі. Жеңімпаздарды дайындаған педагогтерге алғыс хаттар тапсырылады немесе жіберіледі.

Фестивальді қаржыландыру

Фестивальдің аудандық, облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының кезеңдерін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.

Фестиваль қатысушыларының іс-шара өтетін жерге баратын және кері қайту жолына жолақысы мен тамақтануына ақы төлеу жіберуші тараптың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Фестивальді өткізу кезінде қатысушылардың тамақтануы, орналасу және ұйымдастыруға арналған шығындарына ақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

Translate/Перевести/Аудару