“Бастау” республикалық математикалық турнирі

2018 жылғы 6 сәуір күні Қызылорда қаласындағы №211 орта мектеп  базасында “Бастау” республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңі өткізілді.

Турнирдің мақсаты – математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш мектеп оқушыларын табу, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.
Турнирдің негізгі міндеттері:
– математика саласында дарынды бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарына қарай шығармашылық қарым-қатынас үшін арнайы командалық жарыс түрінде жағдай туғызу;
– республикалық дарынды бастауыш сынып оқушыларының ішінен математика пәні бойынша олимпиадалық құраманы қалыптастыру;
– бастауыш сынып оқушыларының жеке және командалық жарыстарға қатысу дағдыларын дамыту;
– бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық белсенділіктерін ынталандыру, математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының білімдерін тереңдету және кеңейту.

Турнирге жалпы білім беретін мектеп, мектеп-интернат, гимназия, лицейлерінің 2-4 сынып оқушылары командасы құрамында 3 (үш) қатысушыдан қатыса алады. Әр аудандық, қалалық білім бөлімдерінен 2 командадан ұсынылады: бір қазақ тілінде және бір орыс тілінде оқытатын мектеп.

Әрбір команданың құрамы мынадай негізде анықталады:
4 адам: 1 команда жетекшісі (жаттықтырушы) және 3 оқушы (2 сынып – 1 оқушы, 3 сынып – 1 оқушы, 4 сынып – 1 оқушы). Команда жетекшісі (бастауыш сыныптың мұғалімі, математика пәнінің оқытушысы, әдіскер, математика үйірмесінің жетекшісі) бастауыш мектептің математикадан білім беру саласындағы маманы болу керек. Команда жетекшілеріне турнир өткізілетін жерге дейін бару (кері қайту) жолында және өткізілетін уақытта қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей жауапкершілік жүктеледі.

Турнир 3 турдан тұрады:
1-тур: “Әу, баста!” (командалық жазбаша олимпиада)
2-тур: “Асық” (командалық ауызша олимпиада)
3-тур: “Бәйге” (жекелей ауызша олимпиада)

Турнирдің облыстық кезеңіне ұсыныстар 2018 жылғы 2 сәуірге дейін ұйым (білім бөлімдері/облыстық мекемелер) басшысының қолымен расталған түрде syrdaryny@mail.ru электрондық поштасына қабылданды.

Турнирге Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан және Қызылорда қаласынан оқ бойы озып шыққан жас математиктеріміз, 2-4 сыныптардан 42 оқушы, 14 команда құрамында сайысты.

Турнир нәтижесінде 24 оқушы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Командалық есепте  орыс топтары арасынан Қазалы ауданы ІІ орын, Шиелі ауданы ІІІ орынды иеленсе, қазақ топтары арасынан Жалағаш ауданы І орын, Қызылорда қаласы ІІ орын, Қазалы ауданы ІІІ орынды иеленді.

І дәрежелі диплом иегерлері:
– Бақытбек Іңкәр – Жалағаш ауданы, №123 мектеп, 2 сынып
– Көбек Дамир – Қазалы ауданы, №266 мектеп, 2 сынып
– Абылай Мирасхан – Жалағаш ауданы, №123 мектеп, 3 сынып
– Әділбек Нұрдәулет – Жалағаш ауданы, №123 мектеп, 4 сынып
– Кенжалы Рауда – Қазалы ауданы, №266 мектеп, 4 сынып

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Сабыралы Нұрасыл – Қызылорда қаласы, №211 мектеп, 2 сынып
Әділбек Альфина – Сырдария ауданы, №36 мектеп, 2 сынып
– Серік Дамир – Қызылорда қаласы, №23 мектеп, 3 сынып
– Ниязова Тоғжан – Қармақшы ауданы, №250 мектеп, 3 сынып
– Егізбай Ұлан – Қазалы ауданы, №249 мектеп, 4 сынып
– Семенов Иван – Шиелі ауданы, №127 мектеп, 4 сынып
– Алмас Ернұр – Қызылорда қаласы, №211 мектеп, 4 сынып

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Мылтықбай Балауса – Қазалы ауданы, №249 мектеп, 2 сынып
– Мұратова Жансая – Шиелі ауданы, №127 мектеп, 2 сынып
– Балаковская Ксения – Шиелі ауданы, №127 мектеп, 2 сынып
– Байтелина Ұлдана – Қазалы ауданы, №249 мектеп, 3 сынып
– Мансұр Сырым – Қармақшы ауданы, №107 мектеп, 3 сынып
– Рысбеков Асқар – Сырдария ауданы, №131 мектеп, 3 сынып
– Жанаев Амир – Шиелі ауданы, №127 мектеп, 3 сынып
– Ахметов Төрехан – Арал ауданы, №220 мектеп, 4 сынып
– Тұрғанбекқызы Айдана – Қармақшы ауданы, №111 мектеп, 4 сынып
– Әмірбекқызы Нұрсыйла – Сырдария ауданы, №42 мектеп, 4 сынып
– Есіркепов Сағи – Жаңақорған ауданы, №54 мектеп, 4 сынып
– Советова Нұрым – Арал ауданы, №14 мектеп, 4 сынып

2018 жылғы 18-22 маусым аралығында Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектеп-интернаты базасында өткен “Бастау” математикалық турнирінің қорытынды кезеңіне Қызылорда облысы атынан 2 команда (1 қазақ, 1 орыс) қатысты. Нәтижесінде Жалағаш ауданы, №123 мектеп-лицейдің 4 сынып оқушысы Әділбек Нұрдәулет жүлделі ІІІ орынға ие болды.