СЫРДАРИЯ: “Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы” тақырыбында облыстық семинар

2019 жылдың 12 ақпан күні Қызылорда облысының білім басқармасы, Қызылорда облыстық оқу орталығы мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 1-12 ақан аралығында ұйымдастырылған дәстүрлі онкүндікті қорытындылау мақсатында “Өзін-өзі тану” пәні мұғалімдері үшін Сырдария аудандық білім бөлімі №129 мектеп-лицейінің базасында “Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы” тақырыбында облыстық семинар -практикум өткізілді.

Семинардың мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуына ықпал ету; Балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, азаматтық ұстанымдарын көрсету бағытындағы жұмыстарын насихаттау. 

Семинарды облыстық білім басқармасы «Өзін-өзі тану және тәрбие» бөлімінің басшысы Бекмағанбетов Мәди Бауыржанұлы ашып, семинардың жұмысына сәттілік тіледі. Семинар негізгі үш бөлімнен тұрды. Жаңашыл сабақтардың шеруінде №35 мектеп-лицейдің өзін-өзі тану мұғалімі Ахметова Айнұр “Отбасылық құндылықтар” тақырыбында, №44 орта мектептің мұғалімі Дүйсенбаева Салтанат “Отбасының жылуы” тақырыбында, №210 орта мектептің мұғалімі Арықов Өркен “Адам ұжымда”, №129 мектеп-лицейдің мұғалімі “Шөл өсімдіктері мен жануарлар”, Смағұлова Ғазиза “Биші робот”, №42 мектеп-лицейдің мұғалімі Баймұрзаев Нұрхан “Бір түзудің бойымен денеге әрекет ететін күштерді қосу” тақырыбында кіріктірілген сабақтар өткізілсе, шығармашылық марафон бөлімінде №147 орта мектептің мұғалімі Тлеубергенова Гүлнұр “Әке білек, балалары қан тамырмен жалғасқан аралары” тақырыбында, №137 орта мектептің мұғалімдері Батирбекова Асел, Қалыбай Асел, №130 орта мектептің мұғалімі “Ата-аналармен байланыс – өзін-өзі танудың негізгі шарты” тақырыбында сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды және қорытынды бөлімде кері байланыспен қорытындыланды. Семинар соңында аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаеваның сөзімен және облыстық оқу орталығының әдіскері Жанна Сыздықова қорытындылап, ұйымдастырушы аудандық білім бөлімінің әдіскері Ғ.Бақтияроваға, жұмыс көрсеткен мұғалімдерге арнайы сертификаттар табысталды.

Translate/Перевести/Аудару