СЫРДАРИЯ: “Рухани жаңғыру: өнер мен білім үндестігі”

Бүгін №35 мектеп-лицей базасында Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: өнер мен білім үндестігі» тақырыбында №42 мектеп-лицейінің көркем еңбек пәні мұғалімі, суретші Абылай Сәрсенбаевпен дөңгелек үстел және 5-10 сынып оқушылары арасында «Мәңгілік ел – Ұлы дала мұраты» тақырыбында үздік суретшілер байқауы өткізілді.
Кездесуде суретші А.Сәрсенбаевтың шығармашылығы, жалпы жетістіктері насихатталды және оқушылар өз сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты және аталған іс-шаралар барысында қатысушылар мектеп-лицейдің «Рухани жаңғыру» кабинетімен және мектеп кітапханасы ұйымдастырған кітап көрмесімен танысты.
Кездесу соңында суретші А.Сәрсенбаевқа аудан әкімінің алғыс хаты берілді және суретшілер байқауының жеңімпаздары марапатталды.