Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы

2019 жылғы 13-16 ақпан аралығында Алматы қаласындағы “Бөбек” Ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығының базасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында Қызылорда облысының командасы бір Алтын медаль, үш Күміс медаль, бес Қола медальға және төрт арнайы грамотаға ие болды, атап айтар болсақ,
І орын және Алтын медаль иегері:
– Жүнісова Айғаным – “Мұрагер” мектебінің 9 сынып оқушысы

ІІ орын және Күміс медаль иегерлері:
– Пак Анастасия – “Мұрагер” мектебінің 11 сынып оқушысы
– Амангельдина Тахмина – Сырдария ауданы, №137 мектебінің 9 сынып оқушысы
– Ибадильдаева Гүлмаржан – Қызылорда қаласы, №7 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы

ІІІ орын және Қола медаль иегерлері:
– Амангелді Қасиет – Қызылорда қаласы, №9 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы
– Амирбекова Динара – Қызылорда қаласы, №9 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы
– Сұлтан Аида – №10 “Білім-инновация” лицей-интернатының 10 сынып оқушысы
– Нұрлан Мадина – Қызылорда қаласы, №9 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы
– Атымтай Амина – Қызылорда қаласы, №9 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы

Арнайы грамоталармен марапатталғандар:
– Әбілқасымова Алтын – Қызылорда қаласы, №136 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы
– Тоқтар Аяжан – №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы
– Оразбайқызы Ақерке – №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы
– Шайық Жанель – №10 “Білім-инновация” лицей-интернатының 10 сынып оқушысы

Барлық қатысушыларымыздың ата-аналарына, жетекшілеріне, мектеп ұжымына және білім бөлімдеріне алғысымызды білдіреміз.