“Туған жер – алтын бесігім” атты  театрланған қойылымы республикалық байқауы

2018 жылғы 11 сәуір күні “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығы базасында “Туған жер – алтын бесігім” атты  театрланған қойылымы республикалық байқауының облыстық кезеңі (қашықтық) өткізілді.

Байқау мақсаты – балаларда театрландырылған қойылымдар арқылы туған өлкенің тарихы, табиғаты, мәдениеті мен бай мұраларына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Байқау міндеттері:
– мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының шығармашылық ізденістеріне, театрландырылған қойылымдар сценарийлерін құруға қолдау көрсету;
– театрландырылған қойылым арқылы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары мен ата-аналары, балалары арасындағы ықпалдастықты дамыту;
– балалар шығармашылығын жандандыру, театрландырылған қойылымдарға белсенді түрде тарту арқылы олардың бойында әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына ықпал ету;
– меншік нысанына қарамастан, барлық мектепке дейінгі ұйымдарды байқауға қатысуға тарту.

Байқауға меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардағы 3-6 (7) жастағы балалар қамтылады.

Театрландырылған қойылымдарға қойылатын талаптар:
– тақырыптың ашылуы;
– көркем бейнені орындау мәнерлігі;
– қойылымның шығармашылық ерекшелігі (сценарийдің әзірленуі, көркемдік және музыкалық безендірілуі, декорация, костюмдер);
– репертуардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
– сахна мәдениеті;
– театрландырылған қойылымдарды ұйымдастыруда тың идеялар мен инновациялық әдістерді қолдану тәсілдері;
– байқау материалдарының CD және mp4 форматында бейнетаспаға түсірілуі.

Байқаудың облыстық кезеңіне қатысу ұсыныстары 2018 жылғы 6 сәуірге дейін ұйым (білім бөлімдері/облыстық мекемелер) басшысының қолымен расталған түрде syrdaryny@mail.ru электрондық поштасына қабылданды.

Облыстық кезеңге 12 балабақша қатысып, нәтижесінде 3 балабақша облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына ие болды.

І дәрежелі диплом иегері:
– “Ер Тарғын” балабақшасы

ІІ дәрежелі диплом иегері:
– “Алтын ұя” балабақшасы

ІІІ дәрежелі диплом иегері:
– “Желкен” бөбекжайы