Республикалық юниорлық олимпиада

2018 жылғы 16 наурыз күні Қызылорда қаласындағы №144 орта мектеп базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық юниорлық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиада мақсаты – жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиадаға қатысушылардың резервтерін қалыптастыру және оқушылардың жоғары деңгейдегі олимпиадаға даярлау жүйесін жетілдіру.
Олимпиада міндеттері:
– оқушылардың  жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге қызығушылығын арттыру;
– ғылыми-практикалық жұмыстарға қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту және анықтау;
– оқушылар арасында ғылыми білімді тарату және дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайларын жасау.

Олимпиадаға жалпы білім беретін мектеп, мектеп-интернат, гимназия, лицейлерінің оқушылары (математика, физика және биология пәндері бойынша – 7 сынып оқушылары, химия және информатика пәндері бойынша – 8 сынып оқушылары) қатыса алады.

Олимпиаданың облыстық кезеңіне ұсыныстар 2018 жылғы 12 наурызға дейін ұйым (білім бөлімдері/облыстық мекемелер) басшысының қолымен расталған түрде syrdaryny@mail.ru электрондық поштасына қабылданды.

Олимпиаданың облыстық кезеңіне математика, физика, химия, биология және информатика пәндері бойынша 94 оқушы қатыстырылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 33 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

І орын иегері:
– Ералы Ерасыл – №9 БИЛ, 7 сынып (биология)

ІІ орын иегерлері:
– Альтаева Жансая – Сырдария ауданы, №36 мектеп, 7 сынып (биология)
– Ізнат Ильяс – №9 БИЛ, 7 сынып (биология)
– Қайырбек Шаһида – №4 ОДМИ, 7 сынып (биология)
– Шаухатбеков Данияр – Қармақшы ауданы, №183 мектеп, 8 сынып (химия)
– Кулмагамбет Аружан – Қызылорда қаласы, №5 мектеп, 8 сынып (химия)
– Мирамбек Елнар – №9 БИЛ, 8 сынып (химия)
– Талғат Қазбек – №9 БИЛ, 8 сынып (химия)
– Балабекова Нұрила – №10 БИЛ, 8 сынып (химия)
– Мирамбекова Алданыш – Қармақшы ауданы, №105 мектеп, 7 сынып (математика)

ІІІ орын иегерлері:
– Көлдеева Ұлпан – Арал ауданы, №220 мектеп, 7 сынып (биология)
– Ғани Қанат – Қазалы ауданы, №249 мектеп, 7 сынып (биология)
Құдайберген Дильназ – Қазалы ауданы, №226 мектеп, 7 сынып (биология)
– Мырзабекова Гүлнұр – Қармақшы ауданы, №250 мектеп, 7 сынып (биология)
– Кіребай Жания – Жалағаш ауданы, №123 мектеп, 7 сынып (биология)
– Бекназар Асылай – Сырдария ауданы, №129 мектеп, 7 сынып (биология)
– Аманкелді Думан – №4 ОДМИ, 7 сынып (биология)
– Темірханқызы Әсемай – №10 БИЛ, 7 сынып (биология)
– Үрістемова Дина – Қазалы ауданы, №70 мектеп, 8 сынып (химия)
– Ережеп Ұлдана – Жалағаш ауданы, №201 мектеп, 8 сынып (химия)
– Сейдалиева Аяулым – Сырдария ауданы, №210 мектеп, 8 сынып (химия)
– Өтеуова Жаңыл – Шиелі ауданы, №127 мектеп, 8 сынып (химия)
– Серхожа Бибідана –  №10 БИЛ, 8 сынып (химия)
– Ақбергенов Ерсұлтан – Арал ауданы, №220 мектеп, 7 сынып (математика)
– Ұзақберген Ақбота – Қазалы ауданы, №226 мектеп, 7 сынып (математика)
– Сағижан Диас – №9 БИЛ, 7 сынып (математика)
– Байтажиева Жания – №10 БИЛ, 7 сынып (математика)
Мырзабай Ақжұлдыз – Қызылорда қаласы, №264 мектеп, 7 сынып (физика)
– Тұрар Шахмардан – Қызылорда қаласы, “Мұрагер” мектебі, 7 сынып (физика)
– Балтабай Әсел – Сырдария ауданы, №36 мектеп,  7 сынып (физика)
– Саветова Ақтоты – Қазалы ауданы, №165 мектеп,  7 сынып (физика)
– Әбибулла Нұрсәуле – №10 БИЛ, 7 сынып (физика)
– Тұрсынбаев Жәнібек – №4 ОДМИ, 7 сынып (физика)

2018 жылғы 16-19 сәуір аралығында Астана қаласында өткен республикалық юниорлық олимпиаданың қорытынды кезеңіне облысымыздан 3 оқушы қатысып, №9 дарынды балаларға арналған облыстық “Білім-инновация” лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Ералы Ерасыл жүлделі ІІ орынды иеленсе, Қармақшы ауданы, №105 орта мектептің 7 сынып оқушысы Мирамбекова Алданыш және Сырдария ауданы, №36 мектептің 7 сынып оқушысы Альтаева Жансая мақтау қағазымен марапатталды.