“Жас ғалым” халықаралық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы

2019 жылғы 25 ақпан – 3 наурыз аралығында Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өткен “Жас ғалым” халықаралық ғылыми жобалар конкурсына Қызылорда облысынан 5 оқушы қатысты.

Халықаралық ғылыми жоба конкурсының мақсаты:

– Қазақстанның зияткерлік элитасын қалыптастыру

талантты оқушыларды іріктеу және қолдау, мектеп оқушыларының үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау

– оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық дамуы

– оқушыларды іздеу және зерттеу жұмыстарына тарту, ғылым мен мәдениетті дамыту үшін практикалық маңызды мәселелерді шешуге үйрету

– Кореяның жоғары оқу орындарымен шығармашылық байланыс қалыптастыру.

“Жас ғалым” халықаралық конкурсының нәтижесі бойынша Қызылорда облысының оқушылары 1 алтын медаль, 1 күміс медаль, 3 қола медаль иеленді.

Жүлделі І орын және Алтын медаль иегері:
– Бақбергенов Жандос – №3 мектеп-лицей, Қызылорда қаласы

Жүлделі ІІ орын және Күміс медаль иегері:
– Төлеген Дильназ – «Мұрагер» мектебі, Қызылорда қаласы

Жүлделі ІІІ орын және Қола медаль иегерлері:
– Алибеков Бауыржан – №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты
– Сағидолла Дәурен – №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты
– Ерназаров Искандир – №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты

Барлық жүлдегерлеріміздің ата-аналарына, жетекшілеріне, мектеп әкімшілігіне, қалалық білім бөліміне алғысымызды білдіреміз!