АУДАН ОҚУШЫЛАРЫ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Қостанай қаласында өткізілген Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша Қармақшы ауданының оқушылары  жүлделі орындарды иеленді. Атап айтқанда қазақ тілінде оқытатын мектептегі орыс тілі пәнінен №272 орта мектептің 10 сынып оқушысы А.Ғалымжанова мен қазақ тілінде оқытатын мектептегі қазақ тілі пәнінен №108 орта мектептен 10 сынып оқушысы Тен Надеждалар ІІІ орын, Қазақстан тарихынан №26 орта мектептің 11 сынып оқушысы Ә.Қарабарақов ІІ орынды иеленді.  

Дереккөз: Қызылорда облыстық интернет газеті