BILIMLAND РЕСУРСТАРЫ – БІЛІМ БЕРУДЕГІ АКТ-НЫҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында Алматы қаласындағы «Bilim Media Group» компаниясының тренері, «Қазақ тілінде контент әзірлеу» департаменті басшысы Айнұр Бәрібаеваның ұйымдастыруымен «BilimLand» бағдарламасы бойынша «BilimLand ресурстары – білім берудегі АКТ-ның басты құралы» тақырыбында институттың 48 профессорлық-оқытушылық құрамы мен бөлім қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренинг барысында тренер электронды білім беру саласындағы инновациялық шешімді ұсынушы «Bilim Media Group» компаниясы және оның жобаларымен (BilimВоок), қосымша ресурстарымен (iTest, iMektep.kz, Twig-Bilim.kz, Kitap.kz) таныстырып, АКТ қолданудың артықшылықтары мен пайдалы интернет-ресурстары туралы толық мәлімет берді. Сондай-ақ «BilimLand.kz» сайтында білім саласына қажетті көптеген ақпараттардың қолжетімді екендігін атап өтті. Сайт құрастырушылары педагогтерге, балаларға, ата-аналарға және жалпы қызығушылық танытушы қауымға көмекші, сабаққа қажетті, үйретуші дүниелерді ұсынған.
Семинар барысында институт қызметкерлері сұрақтарына жауаптар беріліп, қатысушылар білім беру саласына қажетті құнды мәліметтермен танысты.
Семинар-тренинг қорытындысында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
 

Дереккөз: Қызылорда облыстық интернет газеті