Президенттік олимпиаданың аймақтың кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 26 қыркүйек күні Қызылорда қаласы, №9 және №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаттары базасында жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңі өтті. 

Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері: 
1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;
2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;
3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Олимпиаданың аймақтық кезеңіне 72 оқушы қатысып, 25 оқушысы Қызылорда облысының білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

I дәрежелі диплом иегерлері:
Құрманбай Аяжан – Қазалы ауданы, №249 мектеп, 11 сынып;
Нағи Гүлнұр – Қазалы ауданы, №249 мектеп, 11 сынып;
Матжан Аружан – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ, 11 сынып;

II дәрежелі диплом иегерлері:
Бауыржан Гүлімхан – Арал ауданы, №14 мектеп, 11 сынып;
Тобжанова Арай – Жалағаш ауданы, №201 мектеп, 11 сынып;
Анасбаева Дильназ – Қызылорда қаласы, №3 мектеп, 11 сынып;

III дәрежелі диплом иегерлері:
Бегімбаева Күнсұлу – Арал ауданы, №19 мектеп, 11 сынып;
Жаңабергенов Асылбек – Арал ауданы, №83 мектеп, 11 сынып;
Төлеген Айтолқын – Қазалы ауданы, №249 мектеп, 11 сынып;
Жадан Жақсыгүл – Қазалы ауданы, №266 мектеп, 11 сынып;
Ерғали Ғазиз – Қазалы ауданы, №70 мектеп, 11 сынып;
Абытова Меруерт – Қармақшы ауданы, №26 мектеп, 11 сынып;
Жанабаев Нұржалғас – Қармақшы ауданы, №80 мектеп, 11 сынып;
Кикбаев Нұрбек – Қармақшы ауданы, №277 мектеп, 11 сынып;
Жолдасбаев Мағжан – Қармақшы ауданы, №250 мектеп, 11 сынып;
Орынбек Бауыржан – Жалағаш ауданы, №123 мектеп, 11 сынып;
Құдайберген Ұлбазар – Сырдария ауданы, №42 мектеп, 11 сынып;
Зайны Ақнұр – Шиелі ауданы, №127 мектеп, 11 сынып;
Пернебекова Ақшолпан – Шиелі ауданы, №46 мектеп, 11 сынып;
Бегеш Мақсат – Қызылорда қаласы, №3 мектеп, 11 сынып;
Нұртай Нұрай – Қызылорда қаласы, №264 мектеп, 11 сынып;
Шәді Жанғали – Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ, 11 сынып;
Орынбай Сұлтан – Қызылорда қаласы, №9 БИЛ, 11 сынып;
Мақшатов Мади – Қызылорда қаласы, №9 БИЛ, 11 сынып;
Темірәлі Дана – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ, 11 сынып;

Барлық қатысушыларымыздың ата-аналарына, ұстаздарына, мектеп ұжымына, білім бөлімдеріне алғыс білдіреміз!