Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогына оқушылар арасындағы халықаралық шахмат турнирінің облыстық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

2018 жылғы 3 қазан күні “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы, №136 мектеп-лицей базасында Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогына оқушылар арасындағы халықаралық шахмат турнирінің облыстық кезеңі өткізілді.

Турнирдің өткізілу мақсаты – жоғары интеллектуалдық шахмат ойыны саласында дарынды оқушылардың деңгейін айқындау және қолдау, турнирдің жеңімпазын анықтап, қорытынды кезеңде Сыр үмітін ақтайтын жас шахматшыларды іріктеу.
Турнирдің міндеттері: жас шахматшылардың спорттық шеберлігін арттыру; облыс оқушылары арасында шахмат ойынын кеңінен тарату; қала мен аудандардан келген жас шахматшылар арасында достық және спорттық байланыстарды нығайту болып табылады.

Турнир 9, 13 және 17 жасқа дейінгі үш жасаралық топ бойынша қыз және ер бала болып ойнатылды. Облыстық кезеңге 50 оқушы қатыстырылып, 18 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына ие болды.

І дәрежелі диплом иегерлері:
Рашид Байдәулет – Сырдария ауданы, №129 мектеп
Шамшиддин Қарақат – Шиелі ауданы, №47 мектеп
Кеңесов Қуандық – Сырдария ауданы, №129 мектеп
Жұмаділдақызы Айнель – Сырдария ауданы, №129 мектеп
Жақсылық Талант – Қазалы ауданы, №234 мектеп
Абдуали Самал – Қызылорда қаласы, 136 мектеп

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Жаппар Хантәңірі – Қызылорда қаласы, №233 мектеп
Жаппар Зейнеп – Қызылорда қаласы, №233 мектеп
Таңатов Нұрдаулет – Шиелі ауданы, №45 мектеп
Өткелбай Алуа – Қызылорда қаласы, №136 мектеп
Кеңесов Нұржігіт – Сырдария ауданы, №129 мектеп
Өмірзақ Жанаргүл – Қазалы ауданы, №249 мектеп

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Тілекжан Нұрхан – Қызылорда қаласы, №278 мектеп
Қанатқызы Айжұлдыз – Қызылорда қаласы, №136 мектеп
Сұлтан Еділ – Қызылорда қаласы, №9 БИЛ
Серікмұрат Ақерке – Қазалы ауданы, №226 мектеп
Сланбек Әмір – Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ
Нұржанқызы Шұғыла – Сырдария ауданы, №129 мектеп

Барлық қатысушыларымызға және ата-аналарына,ұстаздарына,білім бөлімдеріне өз алғысымызды білдіре отырып, алдағы күндеріңізге сәттілік тілейміз!